«Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясының 7 желтоқсан «Нұрлы Жол» күннің іс-шаралары «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға арналады. Сол күні мектебімізде өткізілген шаралардың бірі-тұған өңіріміздегі өндіріс орындары мен мекемелердің атқарып жатқан жұмыстарымен танысуына арналған. Мектеп кітапханашысы Боканова А.К. мен физика пәнінің мұғалімі Анесова А.И. ұйымдастыруымен 9-10-11 сынып оқушыларымен ауданымызда орналасқан өрт сөндіру және төтенше жағдай комитетінің ПЧ – 20 мекемесіне саяхатқа барды. Бұрын сырттай өрт сөндіру техникасын көргенімен мекеменің қалай жұмыс істейтінін білмейтін. Өрт сөндіру мекемесі Тәуелсіздік алғаннан кейін толық жаңа замануи техникалармен жабдықталған. Өрт сөндіру мекеменің басшылығы оқушыларды жақсы қарсы алып, ішіндегі техникалармен, демалатын орындарымен таныстырып өтті. Оқушылар үлкен әсер алды. Сол мекемеде біздің мектептің түлектері де қызмет атқарып жүр. Бірнеше түліктеріміз Көкшетауда, Москвада өрт сөндіру мамандығы бойынша білім алып жатыр. Алдыңғылары оқу бітіріп Еліміздің әр қалаларында өрт сөндіру мекемелерінде қызмет атқарып жүр. Олар өз елімнің патриоттары. Биылғы оқу бітіретін түлегіміз Айтжанов Ермахан да осындай мамандық аламын деп армандайды. Қиын сәтте ең бірінші адамдар көмекке келетін өрт сөндіру мекемесінің қызмешілері. Болашақта мамандық тандауға осындай іс-шаралардың әсер тигізетін нәтижесі өте зор. Еліміздің іргесі берік болғай!
Тәуелсіздігіміз мәңгілік жасасын!
Боканов К.А.
Посмотреть новость на сайте учреждения