28 қараша – Ұлттық валюта
Сағат 11.00 де Ұлттық банктің филиалымен біріккен облыстық конкурс ұйымдасытырылды.
Сынып сағатының мақсаты: оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі —теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру; оқушылардың бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту; елін, жерін сүйіп құрмет тұтатын жас жеткіншектерді елжандыққа тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында оқушыларға ұлттық валютаның тарихы туралы бейнеролик көрсетілді. Әрі қарай оқушыларға «Сандар сөйлейді» деген жылдар хронологиясы бойынша, «Әр елде — өз валютасы» атты елдердің валюталарын табу тапсырмалары берілді.
Сағат 12.00 де «Қазақстан Республикасының ұлттық теңгесі» атты сынып сағаты өтті. Канапин Жеңіс 6-7 сынып оқушыларының арасында өткізіп, жауапты болды.
Посмотреть новость на сайте учреждения