Сағат 10.00 де 26 қараша күні бастауыш сынып оқушылары мен ата – аналары арасында сыныпта шығармашылық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың балаларымен бірге ұйымдаса жұмыс істеуіне баулу; оқушылардың еңбекке дағдыландыру; оқушылардың қол өнер шеберліктерін арттыру; Шығармашылық сабақтан көрініс
1 – 3 сынып оқушылары
2 сынып оқушысы
4 сынып оқушылары
7-8-9 сынып оқушылары
Сағат 10.00 де «Қазақстан тарихының білгірлері» атты турнир ұйымдастырылды.
Турнирдің мақсаты:
Оқушыларды Отанды,елін,жерін сүюге,ел тарихын білуге,рәміздерді қастерлеуге,саналы болуға патриотизмге тәрбиелеу,оқушылардың белсенділік,ізденгіштік,өз ойын айта білу,мәнерлі сөйлеу,икем дағдыларын дамыта түсу.
Қазақстан тарихының білгірлерінің турниріне 7-9 сынып оқушылары қатысты.Оқушылар екі топқа бөлінді. Бұл турнирде қазақстан тарихы оқулығы бойынша сұрақ-жауаптар берілді.Қазақстан картасымен оқушылар жұмыс жасады. «Мен Тәуелсіз елдің ұланымын», «Мен елімнің болашағымын» рефлекция екі топқа беріліп,оқушылар өз ойларын айта алып,өз білімдерін көрсете білді.Әділ қазылар өз шешімдерін шығарып, мақтау қағаздарымен марапаттады.
Сағат 15.00 де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мен сені сүйем, Қазақстан» атты патриоттық әндер сайысы өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: оқушылардың Қазақстанға деген патриоттық сезімдерін әндер арқылы ояту; оқушылардың патриоттық әндерді орындау шеберліктерін жетілдіру.
Сайысқа барлығы 5 оқушы және 4 сынып қыздары қатысты. Сайыскерлерге қазақ тілінде патриоттық әндер орындау, ән минустық фонограммамен үйлестірілген болу керек деген талаптар қойылды. 10 балдық ұпаймен бағаланды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені 4 сынып қыздары «Туған жер» деген әнмен жеңіп алды.
Посмотреть новость на сайте учреждения