Тәуелсіздік – ел тірегі.
Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге ,қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға баулу.
Көрнекіліктер:Қазақстан картасы ,Қазақстан Республикасының рәміздері:әнұраны,көк байрағы,елтаңбасы.
1986 жылы желтоқсанның 16-күні таңертеңгілікте Қазақстан Компартиясы Оралық комитетінің хатшысы Разумовский жүргізеді. Күн тәртібінде бір ғана-ұйымдастыру мәселесі.Пленум барболғаны 18 минутқа созылды. Д.А Қонаевтың орнына Разумовскийдің ұсынысы бойынша,бұған дейін СОКП-ның Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген, республикаға мүлдем бейтаныс адам Колбин тағайындалды.
1986 жылы 16-ші желтоқсанда бүкіл қазақ жастары тоталитарлық режимге ашық қарсылық көрсетті.Көтеріліске шыққан жастар көбінесе,студенттер.Жасақшылар жастарды аяусыз ұрып-соғып азаптады.
Біздің жастар тәуелсіздік жолында маңызды қадам жасады.Олар сол жолда құрбан болды.Армандары толығымен іске асты.Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін алды. Өкініштісі,құрбан болған боздақтардың осы күнге жетпеуі.
Міне,осындай ұмытылмас оқиғадан бері 22 жыл өтті.Өмір-өзен толқындарысол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды.Ол сол үш күнде ,дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына ,ерлігіне деген тағзым,құрмет (1 минут үнсізді).
1.Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы
Ол әркімге еркін өмір сыйлады.
Білімділер алға шығып елімде
Жақсы атақпен нұр шапағын жинады.
2.Аршындап алға аттадық ірі қадам
Гүлденіп,құлпыруда ұлы далам
Тәуелсіздік тұғыры тұлғаланып
Елімнің мәңгі болсын ғұмыры аман
3.Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған
Жете алмай құрбан болдықанша адам
Махамбет пен Жаһанша ,Халел,Қайраттар
Әр кезеңде ел деп ерлік жасаған.
4.Бейне жанған желтоқсанның алауы
Жарқылдаған ұл-қызыңның жанары
Мәншүк, Әлия қорғап берген азат күнді
Ләзаттарың жалғастырып барады
5.Туған елдің азаттығы мен
Тәуелсіздігі жолында Қайрат
Рысқұлбеков,Ләззат Асанова ,
Ербол Сыпатов сияқты көптеген
Қазақ жастары желтоқсан оқиғасы
Кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп,
Құрбан болды.
Абылай сынды ақылгой ханы бар,Қазақта қара қылды қақ жарған үш кемеңгер билері:Төле би, Қазыбек би, Әтеке билердің шешендік сөз үлгілеріне құлақ салайық. (билер ортаға шығады)
Төле би: Уа, халайық,сөз қадірін білсең
Жаңбыр жаумаса –жер жетім
Басшы болмаса-ел жетім
Сөз танығыш жастарға айтатын
Он түрлі жұмбағым бар.
Айтеке би:
Биікке шықсам –көзің ашылады
Жақсымен жолдас болсаң,көңілің
Айтыңыз ,ұлы аға!
Төле би:
-Айтсам,он түрлі жұмбағым
Мынау-1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
Оқұшы: Бұл не деген жұмбақ? Осындай да жұмбақ бола ма екен?
Қазыбек би: Ұлы аға,бұл жұмбақты мен шешейін,рұқсат етіңіз.
Төле би:
Рұқсат,рұқсат
Қазыбек би:
Төле би:
-Рақмет дәл тауып шештің.
Ойы да,тілі де жүйрік тұлпарым менің.
Әйтеке би:
Тамыры суда тұрса да,уақыты жеткенде қурамайтын құрақ жок. Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.
Қазыбек би:
Өркенім өссіндесең,кекшіл болма- кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең, өршіл болма-Өркеніңді өшірерсің,Аллаху акбар
Төле би:
Уа,халқым!
Көсіле шабар жерің бар!
Ту көтерген елің бар
Атадан қалған сара жолың бар
Сөз қадірін біліңдер!
Отанды шексіз сүйіп ,ардақтауға қоса,оны жауларынан жан аямай қорғау-әр перзенттің парызы,міндеті де.Туған анасын басқаның қорлық-зорлығынан қорғамаған баланы перзентім деу былай тұрсын, адам деуге бола ма?
Отан-ананы басына іс түскенде жан салып қорғамаған азаматты да азамат,халық перзенті деуге болмайды.Сондықтан алдағы басты міндет – жастарды отбасында,мектепке және қоғамдық ортада отаншылдық борышын адал атқаруға нәтижелі тәрбиелеу.
Отаншылдық –ең негізгі сезім.
Мақалдар:
1.Отан үшін отқа түс – күймейсің.
2.Опасызда Отан жоқ.
3.Жерге тер төгіп,халыққа қан төгіп,қызмет етуден аянба!
4.Алтын анам ,Отаным, сенен аяр жаным жоқ,сенен іркер күшімжоқ,-деп ер қайратына міндағы, өрге бас!
5.Өз Отаныңның перзенті бол,туған жер топырағымен байланысыңды терең сезіп,оған перзентіңше қара, одан алғаныңды үш еселеп қайтар.
6.Дүние жүзінде біздің елімізден басқа да алуан түрлі мемлекеттер мен аймақтар көп,бірақ адамның туған анасы –біреу,оның Отаны да біреу ғана.
Ән «Отан».
Хор: Желтоқсанның ызғары-ай
Кірпікке қатқан мұздары-ай
«Елім-ай»деп егілген
Ұлдары мен қыздары-ай.
Посмотреть новость на сайте учреждения