Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

"Государсвенный язык"

24ноября 2016 г прошел открытый урок , который подготовила Ертаева А .К.

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл - қазақ тілі.

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тілдің құдіретін, ұлтымыздың мақтанышы, айбары екендігін ұқтыру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту. Ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз ана тілдерін сыйлауға тәрбиелеу, мемлекеттік тілді білу - өмір талабы екендігіне көздерін жеткізу.

 

Көрнекіліктер: Мемлекеттік рәміздер,тіл туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер кітабы.

 

«Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде. Ана тілі- бәріміздің анамыз, өйткені ол- ұлтымыздың анасы»

                                                                                          Н.Ә. Назарбаев

 

«Қазақ тілі- түркі тілдерінің ішіндегі ең тамашасы»

                                                                                            Ш. Уәлиханов

 

 

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

 

Кіріспе. Құрметті оқушылар, ұстаздар! Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай өткелі отырған «Мемлекеттік тіл- қазақ тілі» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер.

Тіл –қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса, адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану- әрқайсымыз үшін парыз. Қазақ сөзі қашан да даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы- домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі- шырқап салар әндей. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан «Ана тіліміз» дейміз, құрметтейміз. Қазақтың аса көрнекті жазушысы Ғ. Мұстафин: «Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы- бәрінен де сенімді байлық»,- деген екен.

 

Тіл- біздің тірегіміз,

Соғып тұрған жүрегіміз.

 

Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл халықтың жаны, сәні, дәлірек айтқанда, тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін тіл мен ата- дәстүрі.

Қазақ тілі өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл қызым мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім.

Міне, балалар, ғұлама, кеменгер ақындарымыздың тілі, туған тіліміз қазақ тілі сабағына бүгін қонақтар қатысып отыр. Сәлем- сөздің анасы, -дейді. Сондықтан қонақтармен амандасып сабағымызды бастайық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

Балалар, бүгін сабақта сендермен ана тіліміздің құдіреті жайлы сөз етеміз.

Сұрақ-жауап әдісімен өткен сабақтардан алған білімімізді толықтырамыз.

Сабақта тапсырмаларды орындай отырып, тапқырлыққа , ізденімпаздыққа тәрбиеленеміз.

І. Көк туым көтерілді бағым жанды.

Елтаңбам төрде әлемге танылды анық,

Шырқадым Әнұранды бар дауыспен,

Арманым Ата заңым қабылданып. ( Әнұранды орындау)

 

Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел ретінде мемлекеттік нышандары бар. Олар: ҚР әнұраны, елтаңбасы, туы.

 

-                     ІІ. Кім маған осы нышандарымыз туралы айтады?

-                      

-                     Оқушы: Мынау- Қазақстанның туы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның, тыныштықтың белгісін көрсетеді. Күн, шұғыла, қыран бейнесі- алтын түсті. Матаның сол жағында ұлттық өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Жалаудың ені мен ұзындығының қатынасы- 1:2. Тудың авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.

-                      

-                     Оқушы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған, оны әңгімелердегі пырақтар көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар, реңдік бейнесі екі түсті, алтын және көгілдір түсті. Елтаңбаның авторлары: танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов.

-                      

-                     Оқушы: Әнұран- асыл қазына. Әнұран мемлекеттік ресми нышан айбары болып табылатын, елдің арман аңсарын білдіретін,бағдарламалық мәні бар салтаннатты саз. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

 

ІІІ.Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті нышандарын жақсы біледі екенсіңдер. Ал енді тіл жайында білетінімізді ортаға салайық.

 

 

 1- оқушы: Жылаған алғашқы іңгә үннен тілім,

                    Жөргекте былдыр қағып күлген тілім.

                    Жағымды ана әлдиі, ақ сүтімен,

                    Жүрегіме қаныма сіңген тілім.

 

2- оқушы: Жанымды жадыратқан бала тілім,

                    Жыр, ертек жаттаттырған сана тілім.

                    Жаралып жермен бірге, күн көзімен

                    Жасасқан қазақ тілі- ана тілім.

 

1-оқушы: Жарысқан жыл құсымен үнді тілім,

                   Жарасқан дала, малмен сырлы тілім.

                   Жиһанкез желмаялы Асанқайғы,

                   Жер-жерге баға берген сынды тілім.

 

2-оқушы: Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,

                    Жырлатқан елдік, ерлік азаттығын.

                    Жұлдызды құдіреттің туы болған.

                    Жауынгер ана тілім- қазақ тілім.

 

Мұғалім: Ендеше, «Анамның тілі- ардақтым менің» тақырыбында диалог- сұхбатқа кезек берейік.

 

1-оқушы: Мен саған «осы тіл не үшін керек? » деген сұрақты қойғым келіп отыр.

 

2-оқушы: Досым-ау, тіл бір-бірімізге сөйлесу, түсінісу үшін қажет қой. Мұғалім «Тіл – қарым-қатынас құралы» деп түсіндірді емес пе?

 

 

1-оқушы: Жарайды, тіл- қарым- қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлеп, түсінісе бермей ме? Ана тілі деп бөлгені несі?

 

2- оқушы: Ой, айтқышбегім-ай! Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты  дүниежүзіндегі халықтардың өз анасы, өз тілі, өз Отаны бар емес пе?

 

 

  1-оқушы: Сонда ана тілі дегеніміз- ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі екен ғой. Ал ана деген- бәрінен қастерлі, аяулы да асыл жан.

 

2-оқушы:Дұрыс-ақ, бірақ кейде өзінің ана тілін сыйламайтын, білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады. Олар туралы не айтар едің?

 

 

1-оқушы: Әрине, адамның бәрі бірдей емес. Білімі таяз жандар туралы қырғыз ақыны Сарноғаев былай деген:

Ана тілін білмеген

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген-

Халқын сүйіп жарытпас.

 

1-оқушы: Иә, халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғабит Мүсірепов атамыз: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар!

 

ІV. «Мақал- сөздің мәйегі» -деп келесі кезеңде мақал-мәтел сайысын өткіземіз.

 

V. «Қазақстан» атты кластермен жұмыс.

Кластердегі сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрастыру. Психологиялық тренинг. «Елімнің болашағы» ( Көздеріңді жұмып, Қазақстан Республикасының болашағын көз алдарыңа елестетіңдер. Еліміздің өркендеуіне қандай үлес қосар едіңдер?)

 

VI. Сабағымыздың келесі бөлімі жазба жұмысы

СКТ

Егемендік

1.                Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай-жіңішке буынды сөз. Себебі сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жіңішке дауыстылар.

2.                Бұл сөз: е-ге-мен-дік болып төрт буынға бөлінеді. Себебі сөздің құрамында төрт дауысты дыбыс бар. Е-ге буындары- ашық буындар. Себебі е буыны жалғыз дауысты дыбыстан тұр, ге буыны дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұр, мен, дік буындары- бітеу буындар, себебі дауыссыз дыбыстардан басталып, дауыссыз дыбыстарға аяқталып тұр.

3.                Бұл сөз төрт буыннан тұрғанымен Еге-

                                                                 мен

                                                                  дік болып екі жағдайда ғана тасымалданады. Себебі жалғыз дауысты дыбысты жолдың екінші жағына қалдырып кетуге болмайды. Тасымал буын жігіне сәйкес емес.

4.                Қазақ тілінде сөз екпінінің орны біршама тұрақты. Сөзге қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынына қарай ығысып отырады. Сондықтан бұл сөзде екпін дік буынындағы і дыбысына түсіп тұр.

5.                Сөзде түбір мен қосымшаның арасында буын үндестігі бар. Себебі түбірдің соңғы буыны жіңішке болғандықтан оған жалғанатын қосымшаның да жіңішке дік нұсқасын аламыз. Жуан –дық нұсқасын алмаймыз.

VII. Балалар, егер біз Отанымызды сүйетін болсақ, оның мемлекеттік тілін де жақсы білуге міндеттіміз.Енді тілге байланысты өлеңдерімізді айтайық.  

 

Ана тілі

Бір ауыз сөз үйреніпсің бүгін де,

Менің ана тілімде.

Қазақ болып туғаннан соң, бөбегім,

Қазақ болып өлген жақсы түбінде.

Барлық тілді үйренесің сен әлі,

Жігіт болып саналы.

Қайда жүрсең өз еліңді ұмытпа,

Өз еліңнің туын көтер жоғары.

Мен анамды ұғындым деп мақтанам,

Тілін білдім, жырын білдім сақтаған.

Өз анасын сыйламаған пақырлар,\

Отанын да сыйлап көрген жоқ, ба

     Ана тілім

Ана тілім-ұраным,

Ана тілім- құралым,

Ана тілім болмаса,

 Мықты болмас тұрағым.

Ана тілім-елдігім,

Ана тілім-ерлігім ,

Ана тілім болмаса,

 Бүтінделмес кемдігім.

 

 

Ана тілі

Мейірі мол балаға

Барлық,барлық анаға,

Басымызды иеміз

Бабамыздың тілі деп

Данамыздың үні деп

Ана тілін, ана тілін, ана тілін сүйеміз!( бәрі бірге)

 

 

Туған тіл

Ей, туған тіл, ей, әсем тіл, ата анаңның бал тілі,

Көп нәрсе ұқтым дүниеден туған тілім арқылы.

Анам алғаш осы тілде бесік жырын жырлаған,

Ұзақ түндер апам айтқан ертегілер тыңдағам.

Ей, туған тіл! Ертелі кеш қуатыңмен өзіңнің,

Қаршадайдан шаттығымды, қайғымды да сезіндім.

 

 Өмірге келдім, анамды көрдім,

Деді ұл-қызын «алтыным менің».

Әнімен әсем, жырыңмен желпіп,

Үйретіп тынбай бал тілін оған.

 

Қайырмасы:

Ананың тілі- қуатым менің

Ананың тілі- мұратым менің   2рет

 

Бүгінгі «Мемлекеттік тіл- қазақ тілі» атты сабағымыз аяқталды. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпақтары- ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өз-өзіне сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азаматтар болуы керек. Сендер осындай азамат болады деп сенемін. Барлықтарыңызды тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаймын. Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет!  

 

-                     Оқушы: Мынау- Қазақстанның туы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның, тыныштықтың белгісін көрсетеді. Күн, шұғыла, қыран бейнесі- алтын түсті. Матаның сол жағында ұлттық өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Жалаудың ені мен ұзындығының қатынасы- 1:2. Тудың авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.

-                      

-                     Оқушы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған, оны әңгімелердегі пырақтар көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар, реңдік бейнесі екі түсті, алтын және көгілдір түсті. Елтаңбаның авторлары: танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов.

-                      

-                     Оқушы: Әнұран- асыл қазына. Әнұран мемлекеттік ресми нышан айбары болып табылатын, елдің арман аңсарын білдіретін,бағдарламалық мәні бар салтаннатты саз. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь