Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

Қош бол, сүйікті балабақшам

Залға балалар музыка әуенімен кіріп, орындарына отырады.

Тәрбиеші:

Өтті қызық көп күндер,

Алтты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл ойларың ,

Қуанышты бүгінгі

Құтты болсын тойларың.

Тәрбиеші :

Қымбатты ата-аналар , балабақша қызметкерлері, қонақтар ,  бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп , күьіп , тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз.

Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын !

Алдындағы балалар,

Мектепке кетіп барады.

Тақпақ айтып бір-бірден,

Қимай кетіп барады –дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақ  өлеңдерін айтуға шақырамыз.

Барлығы балалар:
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам болып шығамыз
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!

1-бала

Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз

Балапандай өсіріп

Мәпеледі бақшамыз.

2-бала

Бұл - екінші үйіміз

Бір туғанбыз бәріміз

Біз-осы үйдің гүліміз

Біз –осы үйдің сәніміз.

3-бала

Бақша біздің панамыз.

Мектеп біздің анамыз.

Ұлағатты ұстаздан

Оқып білім алғанбыз.

 Ән . «Қошақаным»

 

 

4-бала

Қуанышымыз біздің мол

Мектепке біз тарттық жол.

Ұмытпаймыз өзіңді

Балабақшам қош сау бол.

5-бала

 Мектепке енді барамыз

Оқимыз , сауық құрамыз

Қашық емес арамыз

Бақшаға келіп тұрамыз.

6-бала

Оқимыз білім аламыз

Болашақ жолын саламыз Бақшамен қоштасып

Біріншіге барамыз.

7- бала

Жаңа өмір басталсын.

Үміт сенім ақталсын

Ұмытылмай балдабақша

Көңілде мәңгі сақталсын.

 

Ән: «Мектепке енді барамыз»

Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

Қайырмасы

Ән салайық бас қоса.
Бақшаменен қоштаса
Қалам,дәптер,өшіргіш
Кітаптармен достаса

2)Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Үлкен болып,өссекте,
Бақшамызды қимаймыз

Қайырмасы:

3)Біз мектепке барамыз,
Қолға қалам аламыз.
Кітапты да оқимыз,
Суретті де саламыз.
Қайырмасы:

Балалар ойын ойнап көрейікші  мектепке дайын ба екенсіңдер ?

Ойын: «Кім жылдам сөз айтады»
Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады,сол әріпке сөз айтады.

 Ойын :«Ия,ия» «Жоқ,жоқ» ойынын ойнайық.
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
5. Ақылды бала боламыз ба?
6. Ертеңгісін тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтамаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?

Тәрбиеші : Олай болса ата аналармен де «Ия,ия» «Жоқ,жоқ» ойынын ойнайық.

  1. Балаңызға әрқашан тірек сіз бе?
    2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз бе?
    3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
    4. Сериал көріп жатасыз ба?
    5. Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?
    6. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
    7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
    8. Сен оқыт, мен оқыт, шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
    9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
    10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Ән  «Келші , келші ,балашым !» .

Тәрбиеші:

-Балалар біз мектепке не үшін барамыз?

Аружан: -оқып білім алу үшін
Қымбат: -еліме еңбек ету үшін
Аружан:   Білімді азамат болу үшін
Қалихан: Ер жетіп Отанымды қорғау үшін

2 тәрбиеші:Біздің балалар мектепке дайын. Қазір мен логикалық жұмбақтар оқимын. Ал, сіздер балалардың жауабын  тыңдаңыздар.

Жұмбақтар:

1.Үш  баланың неше қолы бар?

2.Көгалда 7 қоян отыр.Аңшы атқанда олар қашып кетті.Көгалда неше қоян қалды?

3.Қақпаның арғы жағында 4 құлақ көрініп тұр.Неше мысық тығылған?

4.2 аюдың неше аяғы бар?

5.2 қоянның құлағы нешеу?

1 тәрбиеші:Ата- аналар көрдіңіз бе?біздің балалар қандай ақылды.

 

Ойын: «Шарды кім тез жарады?»
Ойынның шарты: Әр бала тез жарып ішіндегі тапсырманы ашып орындайды.
1 - тапсырма: 1тауда аю, түлкі, қоян болды, оларға қасқыр келіп қосылды.
Сұрақ тауда неше аң бар? 3+1=4
2 - тапсырма: «Қарама - қарсы»сөзді тап.

(қысқа-ұзын , ақ-қара , кішкентай-үлкен, аласа-биік , жіңішке –жуан )
3 - тапсырма: Тәулік мезгілдерін ата .(таңертең , күндіз, кеш, түн ).
4 - тапсырма: 1 - 5дейін орысша, ағылшынша санап бер.
5 - тапсырма: Қандай геометриялық пішіндерді білесің? (шаршы , дөңгелек, төртбұрыш , шеңбер )
Жарайсыңдар балалар!

Білімді болған қандай жақсы балалар, білімдерің өсе берсін.
Қадамдарыңа гүл бітсін!

                         Ән «Әрқашан күн сөнбесін !»

 тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, қонақтар осымен балабақшамен қоштасу ертеңгіліг өз  мәресіне жетті. Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет! Сау болыңыздар.

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь