"Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауын талқылау
Қаратал ОМ ұжымы 2018 жылғы 10 қаңтар күнгі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты халыққа жолдауын аса ден қойып оқып, өз ойларын ортаға салды.
Жолдау басында Елбасы еліміздің соңғы жылдардағы әлеуметтік-әкономикалық жетістіктеріне тоқталып, атап кетті.
Ұстаздар бүгінгі күні жаһанда дағдарыс дендеп тұрған кезде, халықтың алдына қандай жағдайлар күтіп тұр? Ел экономикасы жаңа технологиялық қалып кезеңінде қалай жұмыс істейтіні, азаматтық құқықтарымызды қалай жүзеге асыратынымыз, қандай өзгерістер алда күтуде осының барлығының бәріне дайын болу керек екендігін тілге тиек етілді. Жетінші - Адами капитал-жаңғыру негізі міндетінде көрсетілген Білім берудің жаңа сапасы бөлімінде "Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс" -деп айтып кеткен Елбасымыз. Бұл міндет әсіресе әлеуметтік салалар қызметкерлерін, ұстаздар мен дәрігерлер тарапынан қолдау тауып отыр. Мектепке дейінгі білім және орта білім саласында жаңартылған мазмұнға көшудегі оң өзгерістер әкелуі сөзсіз. жалпы білім саласындағы тың өзгерістер оқытушылар қауымын қуантып отыр. Осы бағытта мектебімізде "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жоспары бойынша көптеген тәрбиелік шаралар, элеуметті жобалар жүргізілуде. Латын тіліне көшу жөнінде ұстаздар мен оқушылар арасында ой бөлісіп, дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Туған жер тарихы мен мәдениетін жаңғырту барысында мектепте мұражай бөлмесі ашылды. Осы жаңалықтардың бәрі мектептің сайтында жарық көріп отырады. Денсаулық саласындағы өзгерістер де барлық дүйім жұрттың көңілінен шықты.
Елбасы атап көрсеткен 10 бағытқа жүктелген жұмыс-жұрт болып жұмылып атқарылатын іс. Сондықтан мектеп ұжымы алдағы уақытта осы бағытта жұмыс атқарамыз деп шешті.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии