Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

Жылы жүрек – жомарт қол («Қамқорлық» қайырымдылық акциясы шеңберінде атқарылған іс-шаралар есебі)

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.
             Адамзат баласының жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу — өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осыған орай Шал ақын  ауданының  білім бөлімінің 2018 жылдың 10 қаңтарындағы № 16 бұйрығы негізінде 2018 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпан аралығында аудан аумағындағы барлық мектепте жалпыға бірдей білім беру мақсатында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, өткізілді.

Аталмыш акцияның мақсаты:  әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау, 0-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту жұмыстарын   ұйымдастыру болып табылады.

          Осы ретте, мектебімізде  «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы бұйрық шығарылып, жоспар құрылды, акцияны ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді. Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау, 0-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту және әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды.

         Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, ал оны жасау қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу адамның адаматтық парызы. Әрине, қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын беру жомарттықтың белгісі және ондай іс тек жомарт жандардың қолынан келері анық. Қашан да алған қолдан, берген қол қайырлы. Осы мақсатта жақсы іске жанашыр ізгі ниетті, ақ тілеулі ел ағасы «ВЕРД» шаруа қожалығының басшысы Роголев Дмитрий Иванович мектебімізде өткізіліп отырған іс шараны назардан тыс қалдырмады. Мектеп асханасына 23 000 теңге көлемінде азық табыстап, қарапайым халықтың ризашылығына ие болды. Әрдайым алтын ұямыздың гүлденуіне қол ұшын беретін Роголев Дмитрий Ивановичке мектеп ұжымының да алғысы телегей-теңіз.

         Шара барысында мектеп директоры Забенов Әлібек Болатұлының да қайырымдылық ниеті жанашырлықтың негізі іспеттес. Забенов Әлібек Болатұлы үш баланың анасы А. Салтаеваға  25000 мың теңге көлеміндегі кір жуатын машина сыйлап, отбасының шексіз алғысына ие болды.

         Сонымен қатар мектеп ұжымы тарапынан заттай, қаржылай көмектер көрсетіліп, адамгершілік қасиеттерінің молдығы танылды.

Сондай –ақ  0-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту айлығы бойынша мектепке қамтылмай қалған балалар жоқ.

        Бұл шараға барлық сыныптар да өз үлесін қосып,белсенді қатысты.Тәрбие  сағаттарында «Қайырымдылық», «Жақсыдан шарапат», «Мейірімділік» тақырыптарына арналған  әңгімелер өткізілді. Оқушылардың бос уақыттарын   тиімді  ұйымдастыру және олардың бей-берекет жүрмеулері үшін мақсатты жұмыстар  жүзеге асырылды. Олардың  мәдени-көпшілік  іс-шараларға  қатысулары, спортпен шұғылданулары, әр алуан үйірмелер мен спорт секцияларына қатысулары бойынша және  педагогикалық ұжыммен бірлесіп нашақорлық және  зиянды заттарға әуестенудің алдын алудағы бағдарламалар бойынша мақсатты түрдегі жоспарлы жұмыстар жыл бойы жалғасын табуда.

         Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген

көмегімізді аямайық.

Социальный педагог: Забенова Алтынай Сагитовна 





Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь