Акцияның мақсаты өмірден қиыншылық көріп жүрген , яғни отбасының жағдайы келмей жүдеп жүрген балаларға қаржылай көмек беру, сонымен қатар адамға ең қажеттісі ол өмірінің мәнді және сәнді болуы керек. Осыған орай жоспар құрылып, мектеп директорымен бекітілді.
Жоспар бойынша селомыздың 10 мөлтекауданының әр үйі араланып, ондағы балалар тіркеуге алынды. Тіркеу бойынша Қаратал селосында 22 сәби шағын орталыққа қатынасса, мектепалды даярлық тобында 6 бүлдіршін тәрбиеленеді. Сондай –ақ мектеп жасындағы 73 оқушы бар. Аз қамтылған оқушылар тізіміне 20 оқушы тіркеліп, селолық округ әкімінің мөрімен бекітілді.
Осы акция төңірегінде мектебімізде қайырымдылық пункті ашылды. Оған мұғалімдер, қызметкерлер өз тарапынан оқушыларға 10000 тенге көлемінде қажетті оқу – құралдары және киімдерді көмек ретінде әкеліп ұсынды.
Осы айлық аясында аз қамтылған отбасы балаларына рейд жұмыстары жүргізілді. Рейд қорытындысы бойынша барлық оқушылардың жағдайы жасалған, үй жұмысын орындауға арналған арнайы оқу орындары бар.
Мектеп ішінде жүріп жатқан жұмыстардың барысына барлық бала қатыстырылып жатыр.
Акция барысында мектепте жоспарға сәйкес әр түрлі іс шаралар, психологиялық тренингтер, спорттық іс шаралар ұйымдастырылды.
Атап кетсек, бастауыш сынып оқушылары арасында «Сөз мергені» интеллектуалды сайыс, «Менің бірінші әрпім» топтық жарыс, «Ауданым мақтанышым» ауызша журнал, «Астанаға 20 жыл» сурет көрмесі, «Астанам – бас қалам» интеллектуалды шоу, «Математические головоломки» және т.б. іс шаралар өткізілді.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері «Салауаттылық отбасынан басталады» ата – аналар арасында волейбол ойыны және оқушылар арасында шаңғы жарысы өткізілді.
Акция «Біз бақытты баламыз» концерттік бағдарламамен аяқталды. Іс шараға қатысқан оқушылар сыйлықтармен марапатталды.
Посмотреть новость на сайте учреждения