Онкүндік «Өзін-өзі тану» пәнінің «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» » атты онкүндіктің салтанатты саптық жиынын ашылу өтті. Бұл онкүндіктің мақсаттары мен міндеттері оқушыларды мейірімдікке, адамгершілікке, адамдарға махаббат пен қуаныш әкелуге бағытталған. «Өзін-өзіңді танып жүрсең-баршада ашық түсті, әсемді, мейірімді болады, әр күнің бақытты болады» ұранмен оқушылар мектептегі іс-шараларға белсене қатысты.
1 ақпан күні мектеп ішінде салтанатты жиында мектептің өзі-өзі тану пәні мұғалімі Канапин Даулет Абайұлы оқушылар мен мұғалімдерді онкүндіктің жоспарымен таныстырып кетті.

2 ақпан күні 5-9 сынып оқушылары «Мейірімін төгетін ана» мектеп кітапханасы көрмесіне саяхаттады. Кітапханашы Смаилова Шолпан Абаевна кітап көрмесін ұйымдастырып, оқушыларға мейірімді ана, оның балаға деген махаббаты туралы, және де сол аналарымызды сыйлап, қадірлеп, жақсылық жасап, бағалай білу керек екенін айта кетті.

5 ақпан күні 1-9 сынып оқушылары аралығында «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы қазақ тілі пәні мұғалімі Абишева Айман Касымқызы ұйымдастырды. Сайыс барысында 9 сынып оқушысы Қажығали Сымбат жеңіске жетті.
Мақсаты: Оқушылардың өздеріне өмір сыйлаған, аялап өсірген анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.


6 ақпан күні 8-9 сынып оқушыларымен патриоттық, адамгершілік, қайырымдылық туралы жоғарғы сынып арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: өмір құндылықтарын түсіну арқылы өзін таныту.
7 ақпан күні Ана, мейірімділік, бейбітшілік, достық туралы шығармашылық жұмыстар оқушыларының арасында ата-аналармен бірлесіп ұйымдастырылды. Мақсаты: шығармашылық жұмыстар арқылы сұлулықты, мейірімділікті, талғампаздылықты дамыту.


8 ақпан күні оқушылардың бойында қайырымдылық, қамқорлық, жанашырлық қасиеттерін дамыта отырып, көмекке мұқтаж адамдарға риясыз сүйіспеншілікпен көмек қолын созу мақсатында «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Қайырымдылық акциясына 7-9 сынып аралығындағы оқушылары қатысты.
9 ақпан күні «Дос болуды үйренеміз» тақырыбында 4 сыныпта ашық сабақ өтті. Жалпы мақсаты оқушылардың Сүйіспеншілік құндылығын мейірімділік, адам жанының сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту, жан сұлулығын жеткізетін ізгі істерге тәрбиелеу, адамгершілік, сыйластық қасиеттері арқылы ашу.


12 ақпан күні «Махаббатқа толы жүрек жылуы» атты онкүндік іс-шараның жабылу жиынын ұйымдастырылды.
Сынып жетекшілері мен оқушылары шығармашылық қасиеттерін білдіріп, марапаттауға кірісті.

Онкүндік ішінде оқушылар бір-бірімен мейірімді көңілмен өз мәдениеттіліктерін арттыруға тырысты.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі : Канапин Д.А.
Посмотреть новость на сайте учреждения