Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

Суицид қоғам проблемасы

5 ақпан мен 14 ақпан аралығында өтетін «Суицид қоғам проблемасы» атты іс-шараның

Есебі

6 ақпан күні  «Суицид деген не?» атты тақырыптағы бейне материал және слайдтар көрсетуді  Канапин Ж.А ұйымдастырды.  5-9 сынып оқушылары және сынып жетекшілері  қатысты.  Оқушыларға суицидке қарсы слайд көрсетілді.  Оқушылар  слайдтты көре отырып,   өз  ойларын тұжырымдады .  Суицид қандай жағдайда болатыны, адамдар бұл жағдайға қай кезде баратыны,аяғы неге апаратыны жайлы түсіндірілді. Оқушыларға толық  түсінік берілді .

7-ақпан «Өмір қымбат сый»» Смаилова Ш.А кітап көрмесін өткізді Мақсаты : жастарды бүгінгі қоғамымызды жаулаған зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға , өз-өздеріне қол жұмсаудың алдын алуға тәрбиелеу. Өмірдің өте қымбат екендігіне көздерін жеткізу.

8-ақпан  «ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИД НЕМЕСЕ Ө3ІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУДЫҢ АЛДЫН  АЛУ ЖОЛДАРЫ

атты дөңгелек үстел өткізілді .Дөңгелек үстелге 5-9 сынып оқушылары және сынып жетекшілері  қатысты . Оқушылармен тренинг өткізілді. Тренингте   оқушылардың алдына қалам мен қағаз беріліп «Отбасында бақытты болу үшін не қажет?»  деген сауал қойылды .Әр оқушы өз ойын жазып оны түсіндірді .  Суицид  жайлы оқушыларға түсінік берілді  яғни суицид  деген не? суицидтік әрекеттер көбінесе қандай  жағдайда болады, суицидке барудың психологиялық факторларын, суицидтің аяғы өз-өзіне қол жұмсауға апаратынын оқушыларға түсіндірілді. Өмір адамға бір ақ рет беріледі. Сондықтан Алла тағала берген жалғыз өмірімізді қастерлейік деп сөзімізді аяқтадық

09.02 «Мен өмірді таңдаймын!» қабырға газеті құрылды. «Көк кит» ойыны жайлы ескерту айтылды. Әлеуметтік желідегі қауіпті ойындар туралы мәліметтер берілді. Қабырға газеті арқылы оқушыларды өмірге деген құштарлығын арттыру.   

12.02. күні «Менің өмірдегі қуанышты сәттерім» атты суреттер байқауы өтті. Байқауға оқушылар белсене қатысып, өмірдегі әр бір қуанышты сәттерін сурет арқылы баядап жеткізіп берді.

13.02 «Өзіне –өзі қол жұмсау - исламда» ауыл имамымен кездесуді 5-9 сынып оқушыларымен Абишева А.Қ  ұйымдастырды.Ауыл имамы  Жилкайдаров А.С  оқушыларға ата–бабамыздың өсиеттерін екі етпей  орындауға, имандылыққа, мұсылмандыққа жат қылықтардан аулақ болуға, өмірдің қиын мәселелерін шеше білуге, басқа достарына көмектесе білуге  шақырды.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь