07.03.2018 ж.Ақсу негізгі мектебінде «Аналар - асыл жандар» атты көрме өткізілді.Көрмеге 5-7 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға 8 наурыз туралы түсінік беру. Балаларды барлық аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап құрметтей білуге тәрбиелеу. Дүниедегі жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Ананы қадірлеп сыйлай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
06.03.2018 ж. Ақсу негізгі мектебінде «Аналар асыл жандар» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге мектеп ұжымының барлық әйелдер қауымы қатысты. Аналарға дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейрімінен таралатыны,анасын сүю арқылы еліне жеріне деген сүйіспеншіліктері оянатыны туралы айтылды. Дөңгелек үстеліміз тамаша әнмен басталып, «Ана» атты бейнефильм көрсетілді. 8 наурыз мейрамына байланысты келіншектерге сауалдар және жағдаяттық сұрақтар қойылды. «Әнші боламын», «Сақ болған артық болмайды», «Күлдіргіш» атты ойындар ойнатылып, жеңімпаздары анықталды. Ойнатылған ойындардың жеңімпаздары: Қылышбаева Зенфира, Қарабаева Эльмира, Сесенова Гүлбахыт. Дөңгелек үстелдің соңында алфавит бойынша келіншектер бір-біріне тілектер жолдады.
6 наурыз күні 1 – сынып оқушыларымен «Дана – әжем, асыл - анам» атты сынып сағаты өтті.
Сабақтың мақсаты, тіршілікті жалғастырушы аналардың өмірі олардың қасиеті құдыретілігі неде екенін оқушыларға түсіндіру. Сабақтың тәрбиелік мәні Ананы, әжені сыйлай құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сынып сағатымызды әжелеріміз бен аналарымызды құттықтау сөзімен бастадық. Оқушылар ана-әжелеріне арнап өлең жолдарын оқыды, «Анашым», «Балалық шақ» әндерін орындады. Кейін қонақтарымызға ою ойып берулерін сұрап, тапсырма бердік, әр әже, ана өз қолдарынан келгенше ою ойып беруге тырысты. Оқушылар аналарына, әжелеріне арнап жасаған ашықхаттарын сыйға тартты. Сабақ соңында әжелеріміз өздерінің жылы лебіздерін білдірді.


«Ана - өмірдің шуағы» тақырыбында 8 наурызға арналған сынып сағаты 3 сыныптар арасында өтті.
Мақсаты: әр оқушының өзінің анасына деген сүйіспеншілігін, сыйластығын білдіру. Ана олар үшін орны толмас жан екендігін дәлелдеу.
Барысы: сынып сағаты барысында оқушылар жатталар айтты. Ана туралы әндер шырқады. Оқушыларға ана туралы бірнеше сұрақтар қойылды.



"Ана-тіршіліктің тірегі" атты ашық сынып сағатының есебі
Бейсенбі күні 8-наурыз мерекесіне орай біріңғай ашық сынып сағаттары қойылды. Жоспар бойынша сағат 12.00-де мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға барлық аналар мен әжелер қатысты. Оқушылар аналарына арнап өлең шумақтары мен өз шығармаларын оқыды. Ана туралы екі ән шырқалды. Жандос қасықтармен анасына «Сен сұлу» әнін ойнап берді. Ата-ананың тәрбиесіне байланысты көріністер қойылды. Концерт соңында балалар тілектерін айтып,ашықхатпен өз қолдарымен жасаған гүлшоқтарын сыйлады.
«Ана – гүл, ана – өмір шуағы» атты сынып сағаты 5-6 сынып оқушыларының арасында өткізілді
Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу. Сабақта еліміздің атақты ханымдар туралы баяндама оқылып, пікірталас жүргізілді.


7 наурыз күні 8- сынып оқушыларымен «Ана – аса қымбатты жан» атты тақырыбы бойынша сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты: Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту. Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Оқушылар аналарына арнап өлең шумақтары мен өз шығармаларын оқыды. Ана туралы ән шырқалды. Сабақ соңында балалар тілектерін айтып, ашықхат пен өз қолдарымен жасаған гүлшоқтарын өздерінің ата-аналарына сыйлады.
«Аяулы менің анашым» атты сынып сағатын 9- сынып жетекшісі
Какжанова Ж.А ұйымдастырды.
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау. Оқушыларды білімге, адамгершілікке,
ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру. Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.


1 – 6 наурыз аралығында «Ең көрікті, ең әдемі» ашық хаттар және «Ең жақсы сыйлық анама» атты шеберлік көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты, оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу. Өз ойларынан әдемі де әсем сыйлықтар жасай білуге үйрету. Аналарын, әжелерін құрметтей білуге баулу.
Бұл күндері 1 – 4 сынып оқушылары ана-әжелеріне арнап түрті-түсті қағаздардан әдемі ашықхаттар жасады және ішіне шын көңілмен өз игі тілектерін білдірді. Сонымен қатар, аналарына арнап көптеген әртүрлі сыйлықтар жасады. 4 сыны оқушылары аналарына шоқ гүлдерін, құмырадығы гүлдерді жасаса, басқа сыныптар әртүрлі себеттегі гүлдер, оюлы көрпешелер жасады. Әдемі қабырға газеті де ілінді.
«Айгөлек» шағын – орта балабақшасында 6 наурыз күні «Алтын жүрек анамыз» атты ертеңгілік өтті. Әжелеріне, аналарына арналған өлең, би, алғыс сөздер айтылды. Балалар өте жақсы қатысып, аналарға деген сый-құрмет көрсетті. Кішкентай бүлдіршіндердің өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын аналарына келген қонақтарға сыйлады.

12.03.18. күні Ақсу негізгі мектебінде« Ана- өмір шуағы » атты мерекелік кеш болып өтті.
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Кеш барысы:
Мерекелік кешке мектебіміздің 5-9-сынып оқушылары қатысты.Мерекелік кешке көрермен ретінде ата-аналар,ұстаздар қатысты.Мектеп директоры құттықтау сөз айтып ,тілек білдірді.Кеш барысында оқушылар аналарына,әжелеріне ән арнады. Би билеп,сахналық қойылым көрсетіп бар өнерлерін ортаға салды.


Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары : Абишева А.Қ
Посмотреть новость на сайте учреждения