Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай бүкіл Қазақстанда іс-шаралар өтуде. Біздің аудан мен мектептеріміз де сол іс-шараларға ат салысып жүрміз. Абай өлеңдерін әлемге танытуда Семиполка орта мектебінің 3 «А» сынып оқушысы Шохат Бекзат та бәйгеден қалар емес. Шохат Бекзат аудандық «Абай – әлем тілінде» поэзия байқауына, республикалық Edulaife.kz онлайн-әдістемелік сайты ұйымдастырған «Абай оқуларына» қатысып Абайдың өлеңдерін оқып мадақтама қағазына ие болды. Мектепішілік «Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы» онкүндігінде «Абайды таны - таңырқа» атты наныстырылым көрсетті.
Посмотреть новость на сайте учреждения