Динамика мероприятий в рамках «Рухани жаңғыру» за полугодие 2020 Аксуской ОШ
№ | Название подпрограмм направления | Названия мероприятий | Кол-во участников | Кол-во материалов В СМИ | Ответственные исполнители |
1 | Саналы Азамат Қаңтар | «Латын заман талабы» баяндама ата-аналар жиналысы «Ұлттық сәйкестік: талап пен талғам» парламент мәжілісінің депутаты А.Ысмайылдың мақаласы бойынша медиа шолу. Педкеңесте «Таза ауада жарысамыз» | 23
11
17 | Мектеп сайты | Кусаинова С.Б
ТЖО: Абишева
|
2 | Өлкетану Ақпан | «Ұлы дала өнері» атты көрмелер өткізу» мұражайдағы сабақ | 5 | Мектеп сайты | Тарих мүғалімі
Мұражай жетекшісі |
3 | Кітап Білім бұлағы Ақпан | «Мен кітапханадамын» кітапханадағы ашық есік күндері.Әбу Насыр әл Фараби туғанына 1150 жыл | 29
| Мектеп сайты | Кітапханашы Тіл мамандары
|
4 | Отаным-тағдырым Наурыз | «Наурыз –бейбітшілік пен жақсылықтың мерекесі» сынып сағаттары,ертеңгілік
| 16 | Мектеп сайты | Мектеп әкімшілігі Сынып жетекшілері Кітапханашы
|
5 | Экстремизм қоғам қауіпі Сәуір | Онлайн әңгіме | 17 | Мектеп сайты | Сынып жетекшілері |
6 | Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына | «Өлең сөздің сарасы, сөз патшасы» аудандық сайыс | 5 | Мектеп сайты | Тіл маманы |
7 | Ұлы жеңістің 75
| Ұлы жеңістің 75 жылдығына «Кітаптар айтып береді» көрме онлайн таным сағаты
| 16 | Мектеп сайты | Кітапханашы |
8 | Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні
| «Ашы жылдар естелігі» атты естелік сағаты | 15 | Мектеп сайты | Тарих пәні мұғалімі кітапханашы |
Саналы азамат «Латын заман талабы» баяндама Кусаинова С.Б Ақпарат берді.
«Латынға көшу –уақыт талабы» атты тарих беті сағаты өтті. Оған 7-9 сынып оқушыларымен қазақ тілі пәні мұғалімі Әбішева А.Қ қатысты. Латын әліпбиі әлемде көптеген елдер қолданады. Б.з.б. 7 ғ-да Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып , б.з.1ғ-нда қалыптасты. Орта ғасырда Л.ә. Еуропаға тарады, Африка, Америка және Азия халқы пайдаланған. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар деп кітапханашы Мусина Л.З тарихи дерек берді. Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә Назарбаев 2017 - жылы 12- сәуірде «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшу жұмыстарын бастауымыз керек айтып өтті әңгіме барысында. Қазақ тілі пәні мен әдебиет мұғалімі Абишева А.К әңгімесінде «Латын әліпбиіне көшу әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім.Бұл біздің әлемнің бір бөлігі болуға алға жылжимыз. Латын-көне және халықаралық әліпби. Оны ағылшындар, француздар, немістер, итальяндар қолданады» деді.
«Таза ауада жарысамыз» спорттық жарыстар қаңтар айының 4-і күні ұйымдастырылды.Мақсаты: таза ауада балалардың денсаулуғын жақсарту , шынықтыру
«Ұлттық сәйкестік: талап пен талғам» парламент мәжілісінің депутаты А.Ысмайылдың мақаласы бойынша медиа шолу. Педкеңесте
«Ұлы дала өнері» атты көрмелер өткізу» мұражайдағы сабақ. Мұражайда жерлес биология ғылымдарының докторы ,академик Ғазез Ташеновті таныстыру мақсатында «Өз заманының лайықты адам»атты экспресс шолу өтті. Іс – шараға 7-9- сынып оқушылары мен ұстаздар ,ата-аналар қатысты. Іс-шара барысында кітапханашы Мусина Л.З аулымыздан академик ағамыз шыққан. Ол Ташенов Ғазез Ташенұлы физиология саласын Қазақстанда тұңғыш дамытуда зор үлес қосып, ірге тасын қалаған , сол еңбегі үшін халықаралық дәрежедегі «Ақ крест» орденімен марапатталған 250-дей ғылыми еңбектері поляк, неміс, чех т.б тілдерге аударылған. Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқулық ретінде біраз кітаптары пайдаланылады деп академик жайлы қысқаша айтып берді.

4 ақпан күні кітапханада «Ақын және ойшыл туралы» атты тарихи тұлға сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби бабамызлың 1150 жылдың мерекесіне арнап ғұламаның өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға екендігін насихаттау. Іс-шара барысында Әл-Фараби аңыз бойынша Бағдатта судья қызметін атқарған бірақ көп уақыт өткенде ғылым жолына түскен. Оған себеп досының кітапханасын сақтауға алып ондағы ғылымға байланысты кітаптарды оқып ғылымға деген қызығушылығы артып ғылым жолына түсіп қызмет еткен. Ол кісі шығыстың ғұлама философы. Ғылымдағы қызметі барлық саланы қамтыған. Ол орта Азияда тұрған, ұлты түрік деп кітапханашы Мусина Л.З Әл-Фараби туралы сөзінде және «Тұлғаны танысу» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған материалдарға қысаша шолу жасалды.

«Біздің халқымыздың дәстүрлері» атты іс шараны12 наурыз күні «Айгөлек» шағын орталығы өткізді . Мақсаты бүлдіршіндерді «Мың жыл дала фольклоры мен әуеніне» атты бағдарлама аясында дала дәстүрімен , музыкалық аспаптарымен таныстыру, санасына енгізу.

Өлкетану Мақсаты. Оқушылардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайту. Туған жердің тарихи тұлғаларын, тарихи –мәдени ескерткіштердің құндылығын қастерлеуге үйрету. Нәтижесінде ауыл тарихы туралы кеңінен танып , соған қатысты ақпараттарды жинақтауға қызығушылығын арттыру. Әрбір қазақ баласының жүрегінде жатталған байтұмардай ұғым бар, ол-ауыл. «Бір әңгіме қоғамы –ауыл жайлы одан артық әңгіме табылмайды»-деп М. Мақатаев жырлағандай, ауыл жайлы әңгіме –ерекше тебіреніске толы әңгіме. Ауыл- қазақтың қоймағы. Бұл әрине, қазақтың нағыз бет-бейнесі деген сөз. Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік салтанат құрған заманда ауыл көркейіп, гүлденеді деп сенеміз.Үкіметіміз ауылды көркейтуге жұмыс орындарын ашуға көңіл бөледі ауылым деп жүретін азаматтар көп болса ауылдың болашағыда көп болады. Ауыл болашағы бүгінгі білімді ұрпақ қолында . Келешекке үлкен сеніммен көз тастасақ, менің ауылым сәулеті асқан, дәулеті тасқан берекелі құт мекені болады деп сенеміз. Осыған байланысты 8- сынып оқушысы Қабиден Айнұрға өлке тарихын ,этималогиясын зерттеуге тапсырма берілді .Нәтижесінде оқушылар алдында өз зерттеуін слайд түрінде баяндады.

Сәуір айында қашықтықтан оқушылармен қашықтықтан «Экстремизм- қоғам қаупі» атты ақпарат дайджест өтті. Шараға ауыл имамы онлайн таным сағатын өткізді Ол адалдық, жауапкершілік,кішіпейлдік және борыш тақырыбында балалармен сұхбаттасты, сұрақтарға жауап берді. Онда теріс ағымға кім ереді ? сұраққа түсінік беріп өтті.Терроризм және оның қоғамға қандай қауіп төндіріп тұрғаны жайлы қысқаша мағлұмат берді. Имам солофизм ағымы туралы айтып, ол ағымның жолы дұрыс емес, ондай ағымдардан аулақ болу керек екенін айтты. Сондай – ақ қатысушыларға автотұрақта, қоғамдық жерлерде, таныс емес қауіпті зат көргенде не істеу қажет екені туралы айтты .
Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай Абай өлеңдеріне арналған видеоматериалда 4 сынып оқушысы Қажығалиева А. «Өлең сөздің сарасы, сөз патшасы» және даярлық тобының шәкірті Қайрат Азизаның «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңдері оқылды.8 –сынып оқушысы Казкенова Томирис аудандық эсселер сайысынан 2 орын алды.
Отанын, елін, жерін сүюге, құрметтеуге,патриоттық тәрбие беру мақсатында 6 мамыр күні кітапханада Ұлы жеңістің 75 жылдық мерекесіне орай «Кітаптар айтып береді» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оған бейнеролик түсірілді. Көрмеге Ұлы Отан соғысы ардагерлері жазушылары Совет Одағының батыры Б.Момышұлының «Генерал Панфилов», «Москва үшін шайқас» , Халық қаһарманы партизан жауынгер Қ.Қайсеновтің 2 томдық таңдамалы жинақтар кітабы, халық жазушысы Ә. Нұршайықовтың «Тоғыз толғау», «Ақиқат пен аңыз» кітаптары қойылды.
Б.Момышұлының әскери педагогика мен әскери психология байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Ол шығармаларын қазақ, орыс тілдерінде жазып, қазақ ідебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушының өзекті тақырыбы Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің тұлғасын жан-жақты суреттеп сомдауға арналған.Оның «Генерал Панфилов», «Москва үшін шайқас» т.б кітаптары осының айғағы. Халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз»,»Тоғыз толғау» кітаптарында тарихи шындық пен көркемдік шешімнің арақатынасын ашуға бағытталған. Шығармалардың басты кейіпкерлері Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин тұлғалары асқақтықты танытады.Халық қаһарманы партизан-жауынгер Ұлы Отан соғысының қиын –қыстау кезеңін, жауынгерлердің жан қиярлық ерлігін шынайы суреттеген.

28.05.2020ж . Ақсу негізгі мектебінің 7-8 сынып оқушыларымен « Ащы жылдар естелігі» онлайын сабақ өткізілді. 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Өткен ғасырдың 20 жылдарынан бастаған қолдан жасаған қос ашаршылық, одан кейінгі колхоздандыру кезеңі, Сталиндік зұлмат жылдар. 1930-1933 ж.ж аралығында 2 мил 200 мың қандасымыз ашаршылықтың ы болса,1 млн астамы шет елдерге босып кетті. Ә.Бөкейханов, Т.Рысқұлов,
Х.Досмұхамбетов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов сынды біртуар қазақ зиялылары қуғынға ұшырап кетті. 1937-1938 және 1940-1950 жылдардағы саяси қуғын –сүргін құрбандарының ішінде Ақсулықтарда бар еді.1997 жылдан бері 31 мамырда атап өтіледі. « Ащы жылдар естелігі» естелік сағаты ұйымдастырылды.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар: Абишева А.К
Посмотреть новость на сайте учреждения