Ақсу негізгі мектебінің шілде айында мектеп жанындағы лагерде өткізілген іс –шаралар есебі
«Домбыра үні, тарихтың тілі!» Кітап көрмесі
3 шілдеде Ұлтық домбыра күніне арналған «Домбыра үні, тарихтың тілі!» Кітап көрмесі бастауыш сынып оқушыларымен онлайн түрде өткізілді. Бейне материал түсіріліп вапцап желісі арқылы 1-9- сынып оқушыларына жіберілді .
Домбыра- қазақ халқының өте ерте және кең тараған, табиғи ұлттық музыкалық аспабы . Көрмеде аспаптың тарихы, түрлері, жасалу технологиясы, домбыраның пайда болуы туралы аңыз, домбыраны үйрену және Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина сынды өнер иелерінің күйлері кітаптар қойылды.

16 шілде күні 5-6 сынып оқушыларымен онлайн түрде «SOS Балалар ауылдарына» арналған вертуалды саяхат зум арқылы өткізілді. Ақпарат берілді ,пікірталас ұйымдастырылды
SOS Балалар ауылдары 60 жыл бойы балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғайтын және қажеттіліктерін қамтамасыз ететін мемлекеттік емес әлеуметтік ұйымы болып табылады. Ұйымның қамқорлық ету орталығында жанұясыз, бақылаусыз және ата-аналарының қамқорынсыз қалған сәтсіз жанұялардан шыққан балалар тұрады. SOS Балалар ауылы және SOS Жастар мекемелері бүгінгі таңда барлық континенттегі 65 000 балалар мен жастар үшін туған үйіндей болып саналады. Әлемдегі жүздеген мың адам SOS Балалар ауылы шұғыл көмегінің педагогикалық, медициналық және әлеуметтік бағдарламалары мен акциялары шеңберінде жәрдем алады. SOS Балалар ауылы жағдайы ауыр болып жатқан балаларға жанұя беріп, өздерінің болашағын дербес түрде құрастыруға және жергілікті қауымның дамуына көмектеседі.
SOS Балалар ауылының мақсаты:

«Тарихқа енген қазақтың ғарышкерлері» атты онлайын ақпарат
27 шілде Ақсу негізгі мектебінде «Тарихқа енген қазақтың ғарышкерлері» атты 7-8 сынып оқушыларына онлайн ақпарат берілді.
Мақсаты: Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіру,еліне жеріне деген сүйіспеншілігін ояту,үлгі алуға,құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқушыларға әскери- патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласқан Т.Әубәкіров, А.Айымбетовтің өмір жолы,туып өскен, оқып білім алған ортасы, қызметі туралы ақпарат берілді.
30 шілде күні Солтүстік Қазақстандағы Е.Бөкетов атындағы облыстық ғылыми –техникалық кітапханаға вертуалды саяхат 2- сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.
Мақсаты:
Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру; Рухани жаңғыру бағдарламасына сай, балаларға қазақ ақын-жазушылары туралы мәліметтер беру.
Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту; кітапқа деген қызығушылығын арттыру; сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.
Е.Бөкетов жайлы мәлімет берілді. Оқушылар кітапханадағы бұрыштармен таныстырылды.


Әлібек Мұсаұлы Дінішев туралы мағлұмат, баяндама
28 шілде 1-3 сынып оқушыларына КСРО мен Қазақстан халық әртісі
Әлібек Дінішів туралы баяндама оқылды, ол кісі жайлы толық ақпарат берілді. Онлайн сабаққа 1-3 сынып оқушылары қатысты
Әлібек Мұсаұлы Дінішев (7 шілде, 1951 жылы Алматыда туған) – кеңестік және қазақстандық опера және камералық әншісі (тенор), музыкалық педагог-профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1979) және КСРОның Халық артисі (1986).
ҚР тұңғыш президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының (2001) және ҚР әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2012).
Анасы Кәмила – КСРО халық әртісі Ришат пен ҚазКСР халық әртісі Мүсілім Абдуллиндердің туған қарындасы. Олар Мүкім Абдуллиндердің ұрпақтары.Әкесі Мұса Бөкенбайұлы Дінішевтің ата тегі Батыс Қазақстан облысының Казталовка өңірінен. Ол білімді журналист болатын, қызметін «Лениншіл жас» газетінде бастағанды. Мұсакең «Мәдениет» журналының негізін қалап, ұзақ жылдар журналдың Бас редакторлығын атқарып, республикамызда мәдениет салаларының даму жолын, дарынды адамдардың еңбектерімен қазақ қауымын кеңінен таныстыра түсті. Оның мұндағы ұстазы – Н.А. Шәріпова. 1976 жылы Әлібек Дінішев консерваториядағы оқуын тәмамдағасын Жамбыл атындағы Қазақ филармониясында әншілікке кірісті. Ол 1977 жылы Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейро қаласында өткен воколистердің халықаралық конкурсына қатысты.
Осы жолы Әлібек әйгілі әнші қатарына көтерілді деп аталынды. 1978 жылы оған ҚазКСР-ның еңбек сіңірген әртісі атағы, ал келесі жылы Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығы тапсырылды. Әлібек Дінішев Кеңес Одағының көптеген аймақтарымен қатар Чехословакия, Алжир, Перу, Куба, Португалия, Финляндия, Швеция, Морокко, Ирак, Болгария және тағы да бірнеше елдерде концерттік сапармен болып қайтты.

ТіЖО : Абишева А.К
Посмотреть новость на сайте учреждения