"Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар жол" бағдарламасын іске асыру жоспары негізінде Қаратал ОМ 26 қаңтар күні тарих пәнінің мұғалімі Коспанова Г.К. "Геродот-тарих әкесі" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Білім алушыларды Ежелгі Греция тарихшысы Геродоттың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру. Сынып сағат станциялар арқылы Ежелгі Грецияға саяхат түрінде өтті.