Еріктілер жылы
2020 жыл Ел Президенті «Еріктілер жылы» деп жариялады. Осыған орай кітапханада 26 ақпан күні «Мемлекеттін қозғаушы күштері» атты тейболток ұйымдастырылды.
Мақсаты: қайырымдылыққа, қамқоршылдыққа, адамгершілдікке үлкен құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
Еріктілер деген сөзге түсінік беріп өтілді. Қайырымды болу ұлтқа, дінге, тілге байлансты емес. Ең бастысы жасалған жақсылық жүректен-жүрекке жетсе болғаны. Ерікті болу маңызды іс. Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды. Еріктілердің көмегіне зәру адамдар көп. Себебі олар әлеуметтік мәселелерді шешуге ат салысады. Соған қарамастан , тегін және әділ аянбай еңбек етеді. Заман ағымына байланысты ерікті болудың да түрі өзгерді. Қазір мемлекеттік қолдаудың арқасында барлық саланы қамтиды деді кітапханашы. Ал оқушылар болса еріктілер қандай болатынын айтты
Жауапты: Какжанова Ж.А
04.10.2020 ж Ақсу негізгі мектебінде «Адал еңбекті насихаттау» тақырыбында ардагер ұстазбен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: Ұстаздың адал еңбегі жайлы, адал өмір сүру керек екендігі жайлы тоқталу.
Ардагер ұстазымыз Жилкайдарова Орал Жақсыбаевнаны шақырдық 6 сынып оқушыларының қатысуымен. Кездесу барысында Орал Жақсыбаевна оқушыларға өзінің ұстаздық жолындағы еңбегі нешінші жылдан басталғанын, неше жасынан жұмыс істегенін, қандай қиыншылықтар болғаны жайлы тоқталып өтті. Оқушылар сұрақтар қойды, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, түзу жолмен жүру керек екенін, жаман іс әрекет жасауға болмайтынын, қаншалықты жақсылық жасасаң, соншалықты жақсылық өзіңе қайтіп келетіні жайлы айтып, оқушыларды адал өмір сүруге шақырды. Кездесу соңында «жемқорлық, пара беру» жайлы презентация көрсетілді.
Жауапты: Какжанова Ж.А
Құқықтық тәрбие
11.11.2020 ж ақпан күні кітапханада «Біл және бұзба» атты құқық сағаты өтті. Кітапханашы Мусина Л.З қазіргі уақытта оқушылар арасында құқық бұзушылық белен алып барады. Өмірде болып жатқан оқиғаларды мысалға келтіре отырып, қандай жағдайда заңмен жазаланатыны туралы айтып берді. 8 сынып оқушысы Қабиден Айнұр күнделікті өмірде кездесетін оқиғалар туралы өз пікірін білдірді. Сондай ақ « Заң. іс-әрекет. Жауапкершілік.» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Өткізілген шараның мақсаты: өскелен ұрпаққа құқықтық мәдениет және құқықтық білімін жетілдіру.
Жауапты: Какжанова Ж.А
Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі
04.12.2020 ж Ақсу негізгі мектебінде 1-4 сынып оқушыларымен «Адал және сатылмайтын еңбек» атты ойын сабағы өткізілді. Мақсаты: Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту арқылы барлық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тарту, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың профилактикасы, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға тарту болып табылады.
Жауапты :Бастауыш сынып мұғалімдері
Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
25.10.2020 ж Ақсу негізгі мектебінде 4- сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаттың мақсаты : «Сыбайлас жемқорлық» ұғымын түсіндіріп,оқушылардың көзқарастырын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Оқушылар сынып сағатында адамдық жақсы қасиеттерін сақтау, имандылық туралы айтып өз ойларымен бөлісті.
Сынып сағатын өткізген мектеп кітапханашысы Смайлова Ш.А
«Мемлекеттік қызмет — өмірлік ұстаным» дөңгелек үстел
10.01.2021 ж Ақсу негізгі мектебінде «Мемлекеттік қызмет-өмірлік ұстаным» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты :Оқушыларға мемлекеттік қызметтің маңызы мен олардың мақсаттарын, қоғамдық негіздері туралы мәлімет беру.
Өз елдерінің жалпы ережелері мен заңдарын ұғындыра отырып,Отансүйгіштікке,елжандылыққа, шығармашылдық -қа тәрбиелеу.
Жауапты : Какжанова Ж.А
Посмотреть новость на сайте учреждения