Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

«Жады уақыттан күштірек»

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына биылғы жылы 32 жыл толды.
Осыған орай мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Қасымова Роза Хамзиновна «Жады уақыттан күштірек» тақырыбына сынып сағатын өткізді.
Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.
Кеңес әскелерінің жекелеген бөлімшелері Ауғанстан аумағынан шыға бастауы өте күрделі операция еді. Он жылға жуық бөтен елдің мүддесін қорғаған Ауғаныстан әскерлері құрамында Қазақстаннан 22269 жауынгер интернациональдық міндетін атқарды. Олардың 924-і сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған азаматтар елге мүгедек болып оралды. Қаншама қазақстандық отбасына қасірет әкелген Ауған соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын. Сондықтан елімізде жыл сайын он жылға жуық созылған соғыста қаза болған ардагерлерге тағзым етіп, еске алады. Республика бойынша Ауған соғысы ардагерлерінің отыздан астам ұйымы бар.
Оқушылар осы және де басқа да ақпаратпен танысты.https://www.facebook.com/profile.php?id=100022843364704

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь