Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

Шырайлы аты елімнің - қасиетінде жерімнің...

Тәуелсіздік! Не деген астарлы да арман болған Ұлы сөз... XV ғасырда Әбілқайырдан бөліне көшкен Жәнібек пен Керейден бастап бүкіл ата-бабаларымызға арман болған сөз. Биыл осы тәуелсіздігімізге жиырма бес жыл толғалы отыр. 1986 жылы желтоқсанда алаңға шыққан жастар осы тәуелсіздігіміздің алғашқы қарлығаштары еді. Сондағы олардың сұрағандары не еді? Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев ағамызды орнынан алып, Қазақстан басшылығына ешкім білмейтін Г.Колбин дегенді әкеп қойған М.С.Горбачевтың қылығына наразылық еді ғой. «Кім болса да қазақ, өз қанымыз болсын». Олардың талап-тілектері осы еді. Осы үшін олар «ұлтшыл», «шовинист» атанды. Желтоқсанның ызғарлы суығында үстеріне суық су құйып, өткір сапер күректерімен ұрып, қамауға алып, оқып жүрген оқуларынан қуылды. Бірақ мұнымен олардың еңсесін түсіре алмады. Түрмеге қамалған Қайрат Рысқұлбеков өзін тергеген тергеушілерге тік қарап: Он сегізде жасым бар, Қайрат деген атым бар. Еркек тоқты құрбандық- Атам десең-атыңдар! -деуі жастардың асқақ рухын, тәуелсіздікке деген құштарлықтарын аңғартып тұрған жоқ па? Тәуелсіздік! Осы тәуелсіздік бізге не берді? Бұл сұраққа ойланып қарасақ, тәуелсіздіктің бізге бергені көп екен. Бұрынғыдай ешкімге жалтақтамай өз елімізде өзіміз би, өзіміз қожа болдық. Бар өркениетті елдер секілді біз де өзіміздің Елбасымызды өз ұлтымыздан сайлап алдық. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев нағыз көреген де жасампаз Елбасы. Ол кісінің алғашқы үлкен еңбегі-Семейдегі ядролық қаруды сынау-полигонын жабу мен Қазақстанда ядролық қаруды жою болып табылады. Расында да осы полигон зардаптарын Семей-Өскемен жақтағы қандастарымыз қатты тартып еді. Балалардың кем-кемтік болып тууы, малдар арасында түрлі ауытқу аурулары, жер мен судың ластануы, адам өмірінің қысқаруы осы полигондағы сынақ-жарылыстардың зардабы. Қазір ғана шығыс ағайындарымыз бір «ух» деп дем алғандай. Бірақ жан-жарасы толық жазылғанша әлі қайда?! 1945 жылғы Американың Хирасама мен Нагасакиге тасталған атом бомбаларынан сол Япония халқы әлі азап көріп келе жатқан жоқ па?! Елбасымыздың тағы бір үлкен ісі-ол Астананы Алматыдан Целиноград қаласына көшіріп, оны Астана деп атауы. Қай мемлекетте болсын астанасы дәл ортасында болғаны қолайлы. Бұған түрлі факторлар әсер етеді. Оларға толық тоқталып жатпай-ақ, біреуін ғана айтсақ жеткілікті. Астананың ортада болуы - ел басқаруға оңтайлы болады. Астананың Целиноградқа келуі қаланы мүлде өзгертті десек те болады. Қазіргі мұнда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары әлемнің еш қаласынан кем келмес. Бұндағы бой көтерген ғимараттар бұрынғы күпілі қазақтың өңі түгіл түсіне кірмеген дүниелер. Ал еліміздің саяси жағына келсек, бұл да ел басымыздың ерен еңбегі. Түрлі елдердегідей түрлі-түсті революцияларға ұрынбай, ұлтаралық татулығымызды сақтап аман-есен келеміз. Бүкілдүниежүзілік дағдарыс та бізді айналып өткендей. Астанамызда Бүкілдүниежүзілік діндер конфессиясын өткізіп, түрлі дінбасыларын жинап үлкен форумды бір емес бірнеше өткіздік.Тіпті жас болсақ та, Европаның қауіпсіздік және ынтымақ ұйымына (ОБСЕ) бір жыл төрағалық етіп, ұйымның саммитін елімізде өткіздік. Біздің елордамыз- Астана бүгінгі заманның ең бір көкейкесті мәселелері бойынша үнқатысудың маңызды орталығы ретінде мәртебесін берік тиянақтады, сөйтіп ЕҚЫҰ саммиттерін өткізген Хельсинки, Париж, Лиссабон, Будапешт, Стамбул сияқты қалалармен бір қатарға көтерілді. Бүгінде Астана саммиті тарих меншігіне көшті. Ол тарихқа Қазақстан Республикасы, оның елордасы Астана және біздің тұңғыш Президентіміз-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі алтын әріптермен жазылатын болды. Тағы бір мақтана айта кететініміз, тұңғыш рет өзіміз өз болып Азиада ойындарын қарсы алып, үлкен жетістіктерге жеттік. Сонау олимпиада Отанында жағылған Азиада алауы бүкіл Қазақстанның облыс орталықтарын аралап, бүкіл ел назарын өзіне қаратты. Ылайым қазақ спортшылары осылай әрқашан жеңістің биік тұғырынан көріне берсін. Алдымызда «ЕКСПО -17» ауқымды іс-шарасы тұр. Бұдан кейін де біздің елімізді бүкіл әлем танитын болады. Қорыта айтқанда бұл тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішіндегі ішінара ғана жеткен жетістіктеріміз. Енді бұдан ірі жетістіктерге жетіп, өміріміз бұдан да сәндірек те мәндірек боларына сенім зор. Ылайым солай болғай. 11 «А» сынып оқушысы Калелов Акжол Мұғалімі: Кайнуллина Гүлсім Сапарқызы

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь