Мектепалды тәрбиелеу және оқыту
Ағымды жылы мектепалды ұйымдары 33 бiрлiктi құрайды, оның iшiнде 1 балабақша және 32 мектепалды шағын орталықтары (25 толық күндi және 7 жарты күндiк — Куприяновка НМ, Социал НМ, Минеевка БМ, Жаңаталап БМ, Еңбек БМ, Жаңасу БМ, Астаған БМ). 2016 жылдың 1 қыркүйегiне оларда 2-ден 6 жасқа дейiнгi тәрбиеленушi балалар саны 738 баланы құрайды (226 — Сергеевка қ., 512 — селолық жерлерде).
3 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды мектепалды оқытумен және тәрбиелеумен қамту 100%-ды құрайды.
Аудан бойынша мiндеттi мектепалды дайындықпен 273 бала қамтылған, мектепалды топтары бар МҰ саны — 0. Мектепалды сыныптармен мектептер саны — 28 (2015 ж. — 283), оларда мектепалды сыныптар — 35. Аудан бойынша мектепалды сыныптарындағы балалар саны — 273, орыс тiлiнде — 159, қазақ тiлiнде оқытатын сыныптарда — 114 бала. 5 жастағы балалардың жалпы саны бойынша қамту пайызы 100% -ды құрайды.
Бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудi қамтамасыз ету
Аудан бойынша жалпы бiлiм беретiн мектептер саны — 36, соның iшiнде -16 орта мектеп, 11 негiзгi және 9 бастауыш мектеп.
Бiлiм беру мекемелерiндегi 2016 ж. 01.12. оқушылар құрамы 2852 құрады, соның iшiнде ауыл мектептерiнде 1681, қала мектептерiнде 1171. Оқыту тiлi бойынша: 14 мектеп қазақ тiлiнде, 8 мектеп қазақ және орыс тiлде, 14 мектеп — орыс тiлiнде оқытылады.
11 елдi мекендерде (Ровное, Садовка, Ортакөл, Соколовка, Неждановка, Қорғантас, Белоглинка, Коноваловка, Бағанаты, Куртай және Тельманово) мектеп жоқ. Мектеп жастағы оқушылар аудан және облыс мектептерiнде оқумен қамтылған.
Мектептен 3 км және одан да қашық орналасқан жерде тұратын 98 оқушы үшiн күнделiктi мектепке жеткiзу мәселесi ұйымдастырылған. Оқушыларды күнделiктi тасымалдау үшiн мектептерге бекiтiлген және жалға алынған транспорт «Газель» автокөлiктерi арнайы бөлiнген:
№ р/с | Тасымалдау жасалынатын ауыл | Оқушы саны | Қайда | Көлік |
1 | Ортакөл | 8 | Приишим ОМ | «Агро-север» ЖШС газель |
2 | Минеевка | 20 | ||
3 | Ровное | 17 | Кривощеково ОМ | Кривощеково ОМ «Газель» а/к |
4 | Куртай | 1 | Октябрьское ОМ | Октябрьское ОМ «Газель» а/к |
6 | Белоградовка | 11 | Крещенка ОМ | Крещенка ОМ «Газель» а/к |
7 | Рясинка | 10 | Афанасьевка ОМ | Афанасьевка ОМ «Газель» а/к |
8 | Садовка | 10 | ||
9 | Двойники | 9 | ||
10 | Ольгинка | 6 | Сухорабовка ОМ | Жалдамалы көлік |
11 | Астаған | 6 | Ступинка НМ | Жалдамалы көлік |
Мектеп жастағы 15 бала медициналық көрсеткiштер бойынша үйде оқытылады.
ПМПК деректерiне сәйкес ауданда 2016 жылдың 1 қыркүйегiне 6 және 18 жас аралығындағы мүмкiндiгi шектеулi балалар саны 223-ды құрайды. Оқумен қамтылған мүмкiндiгi шектеулi жалпы балалар саны — 194, соның iшiнде мүгедек балалар — 29.
Пандустар 38 бiлiм ұйымдарында бар (36 мектепте, 1 балабақшада, 1 қосымша бiлiм беру ұйымында).
Аудандағы бiлiм беру ұйымдарының желiсi мектеп жасындағы барлық балаларға және жұмыс iстеушi жастардың барлық санатына жалпы орта бiлiм алуға мүмкiндiк туғызып отыр.
Оқушылардың тегiн тамақтануы бойынша да бiрқатар жұмыстар атқарылды, оның iшiнде аз қамтылған және көпбалалы отбасылар балаларын тамақтандыру мәселесi шешiмiн тауып отыр.
Ыстық тамақпен 2837 бала қамтылған, былтырғы жылғы көрсеткiшпен тең келiп отыр — 99,5 %. Тамақ құны орта есеппен 100-120 теңгенi құрайды.
Бiлiм мекемелерiн қайта құру және жою
2015 жылғы 20 қарашадағы № 306 аудан әкiмдiгiнiң қаулысымен М.Ахметбеков атындағы орта мектебiнде келесi магниттi мектептерге ресурсты орталық құрылды: Социал негiзгi мектебi, Алқаағаш негiзгi мектебi, Ақсу негiзгi мектебi.
Оқушыларды сырттай бағалау үрдiстерiн ұйымдастыру және өткiзу (ОЖСБ, ҰБТ).
Шал ақын ауданы бойынша ОЖСБ-ға 2016 жылы Афанасьевка ОМ қатысты. Тестiлеуге 4 сыныптан — 9 оқушы, 9 сыныптан — 10 оқушы қатысты.
№ р/с | Мектеп | Қатысушылар саны | Мектеп бойынша орташа бал |
«Шал ақын ауданының Афанасьевка орта мектебі» КММ | 19 | 15,6 |
2016 жылғы ұлттық Бiрыңғай тестiлеудi өткiзу қорытындысы
ҰБТ түрiндегi мемлекеттiк қорытынды аттестаттау 4 маусым күнi Есiл ауданының ұлттық тестiлеу пунктiнде өттi.
Аудан бойынша қатысқан түлектер саны 113, ол 2016 жылдың 62,86 % қарсы 59,8%-ды құрады; соның iшiнде қазақ тiлiнде оқытылатындардан — 52 немесе 45,6 %, орыс тiлiнде оқытатын мектептерден- 62 немесе 54,4%.
Қаратал ОМ бiр түлегi Қайрбек Сания Халықаралық олимпиаданың қатысушысы ретiнде ҰБТ тапсырудан босатылды, сертификатты пәндер бойынша қорытынды бағалар арқылы алады.
Удандық көрсеткiш орташа балл құрады 72,5 баллды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда орташа көрсеткiш — 4,1 балл азайды
«Алтын белгi» белгiсiне үмiткер — қазақ орта мектебiнiң түлегi — Таласпаева Жадыра өзiнiң бiлiмiн растады, үздiк аттестатқа үмiткерлерден (Бекенова Камила (ҚОМ), Сысоева Виктория (Е.Букетов атындағы МГ) ешқайсысы растаған жоқ. Тағы да 2 оқушы барлық пәндерден «5» алды (Кривощеково ОМ, Социалистiк Еңбек Ерi Есiм Шайкин атындағы ОМ).
4 мектептiң 8 түлегi ғана ( 7%) 100 және одан жоғары балл алды (2015 — 8 оқушы). Бұлар Социалистiк Еңбек Ерi Есiм Шайкин атындағы ОМ 3 түлегi, Кривощеково ОМ және Қазақ ОМ 2 оқушыдан, Е.Букетов атындағы мектеп-гимназиядан 1 оқушы.
«Мектепке жол» акциясы
2016 жылдың 1 тамызында Шал ақын ауданында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық ақциясы жүргiзiлдi. Ағым жылында бұл әлеуметтiк бағытталған бастама «Бақытты балалық шақ территориясы» ұранымен және Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай жүргiзiледi.
Әлеуметтiк қорғалмаған отбасы балаларын жаңа оқу жылына дайындау бойынша аудан мектептерiмен Сергеевка қ. мемлекеттiк ұйым, кәсiпорын басшыларымен, ЖШС, ауылшаруашылық, жеке кәсiпкерлердiң ұжымымен бекiту жасалды.
Ұйымдар мен кәсiпорындардың жауапты басшылары аталған бастаманы қолдап, 161 балаға 1 224 250 теңге сомасында көмек көрсеттi.
Бюджеттiк қаражатқа әлеуметтiк қорғалмаған отбасы оқушылары үшiн 1 229 600 теңге сомасында мектеп формасының 153 данасы сатып алынды.
Акция мектептiң педагог ұжымының арасынан да жол тапты.
Барлығы акция қорытындысы бойынша материалды көмек 3748,5 мың теңге сомасында 511 балаға көрсетiлдi.
Жетiм балалар мен ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды мемлекеттiк қамту
2016 жылдың 1 желтоқсан қамқорлық пен қорғаншылық ұйымының есебiнде қамқорлық, қорғаншылық және патронаттықта 44 бала, соның iшiнде қамқорлықта 40 бала және патронаттық тәрбиеленуде 4 бала, олардан 16 жетiм бала тұр.
2016 ж. 1 желтоқсан жәрдемақы 28 балаға төленедi. Патронаттық тәрбиеленуде 4 бала тұр, оларды тәрбиелеуге жәрдемақы жергiлiктi бюджеттен төленедi.
2 бала есептен шығарылды — бiреуi кәмелеттiк жасқа толғандығынан, ендi бiреуi облыстың басқа аймағына кеткендiгiнен.
Шал ақын ауданының мемлекеттiк орта бiлiм беру ұйымдарының педагог кадрларының сапалы құрамы
605 педагог қызметкерлерiнiң iшiнен жоғары бiлiмдi 474 (78,3%), бiрiншi және жоғары санатты — 292 педагог, бұл 48,3 % құрайды.
Ауданға 17 жас маман келдi, соның iшiнде, ауыл мектептерiне 14.
Жазғы демалыс
2016 жылы жазғы «Аю-тас» сауықтыру лагерiнде 668 оқушы демалды, олардың iшiнде: әлеуметтiк тұрғыда қорғалмаған оқушы саны 95. Жолдаманың құны 1 маусымға 13500 теңгенi құрайды. 5 маусым өттi:
Балаларды демалыспен және сауықтырумен ұйымдастыру үшiн тәрбиешiлер және аға тәлiмгерлер аудан мектептерiнiң жас мамандарынан алынды. Тәрбиешiлермен лагер өмiрiнiң моралды-этикалық нормаларға көп көңiл бөлiндi. Агрессия, зорлық, әдепсiздiктi алдын алу бойынша жұмыс жүргiзiлдi. Тәрбие жұмысының жоспарына Солтүстiк Қазақстан облысының 80 жылдығына, Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған iс-шаралар енгiзiлген.
Сонымен қатар, барлық кезеңдерде педагогикалық практикаға көмек ретiнде педагогикалық колледждер мен ЖОО-нан келетiн студенттер.
Медициналық қызметкерлер әрбiр кезеңге «Шал ақын ауданының орталық ауруханасымен» бекiтiлген. Балалар мен жасөспiрiмдердiң гигиеналық тәрбие, салауатты өмiр салты, iшiмдiктi, нашақорлықты, темекi тартуды алдын алу бойынша жұмыс жүргiзiлдi.
Үйiрмелер мен секциялар қосымша бiлiм беру педагогтарымен ұйымдастырылған. Олар би және вокалды, дизайн, дойбы, гитара, қағаздың алтын өмiрi, жас журналист үйiрмелерi. Жас натуралистер станциясымен лагерде гүлдер отырғызылды. БЖДШК спорттық-сауықтыру iс-шаралардың өткiзiлуiн ұйымдастырды.
Қазақ және ағылшын пәнi мұғалiмдерiмен күнделiктi үйiрмелер өткiзiлдi.
Басқа қала сыртындағы лагерлерде, атап айтатын болсақ «Солнечный» — 15 бала, «оборонно — спортивном оздоровительном» профилдi — 10 сыныптың 107 жасөспiрiмдерi, палаталы лагерлерде — 54 оқушы жазғы демалыста демалды.
Сонымен қоса жазғы сауықтыру алаңдарында ауданның 36 мектептерi жанында 1909 бала санынан 1-5 сынып оқушылары демалды, олардан әлеуметтiк қорғалмаған отбасыдан — 479 бала. Барлығы қамту 99,6% құрады.
Ғылыми жобалардың мектептiк олимпиадалар мен конкурстар
Оқушылардың интеллектуалды шығармашылықтарын дамытудың бiр түрi интеллектуалды сайыстыры болып табылады.
Оқушылардың облыстық ғылыми жобалар сайыстары
13 мектептен 8-11 сынып оқушылары арасында ғылыми жобалар сайысының аудандық кезеңiнде 73 жоба қатысты (75 қатысушы), Петропавл қ. облыстық кезеңiнде 17 жобадан (17 қатысушы) 5 жоба үшiншi кезеңге өттi және 2016 жылдың 14 желтоқсанда тестiлеуге қатысады.
«Ақ бота — 2016» Республикалық ойын-конкурсында 3-10 сынып оқушылары арасынан 320 оқушы қатысты, 75 қатысу аталған сайыстың жеңiмпазы болды: 1 орын — 10 қатысу, 2 орын — 23 оқушы және 3 орын — 42 оқушы.
Облыс мектептерiнiң кiтапханашыларының арасынан «Мен өзiмнiң мамандығымды сүйемiн» атты облыстық конкурсында Кеңес ОМ кiтапханашысы Кенжалина Молдiр Серекбаевна ие болып, грамотамен және сыйлықпен марапатталды.
Солтүстiк Қазақстан облысының 80 жылдығына арналған «Знаменитые земляки в названиях улиц и населенных пунктов, зданий и сооружений, мемориалов и памятников» тақырыбында облыстық жобалар сайысында 1 орынды Ақан-Барақ ОМ 10 сынып оқушысы Фаст Фрида иелендi.
ҚР Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналған республикалық сайыста бас жүлделi орынды қазақ орта мектебiнiң оқушысы Амангелдi Мадияр алды, технология мұғалiмi Абiлмажинова Жанар Темiртасовна алғыс хатпен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналған облыстық эссе, әлеуметтiк плакаттар және фотографиялар сайысында 1-11 сынып оқушылары арасында «Бiздiң күшiмiз бiрлiкте» тақырыбында «Плакаттар конкурсы» номинациясында 3 орынға — Негметов Ернар (Кеңес ОМ), Сапарова Мерей (Кеңес ОМ), Жабдиев Мадияр-Дамиршах (Кеңес ОМ) ие болды.
ҚР Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай 5-11 сынып оқушылары арасында облыстық шығармалар сайысында қазақ тiлiнде: 1 орын — Сыздыкова Дильназ (Кеңес ОМ), 2 орын — Жақсылыкова Танзиля (Кеңес ОМ), 3 орын — Бейсен Алтынай (Қазақ ОМ), орыс тiлiнде: 3 орын — Ахраменко Екатерина (Е.Букетов атындағы мектеп-гимназиясы) жүлделi орындарға ие болды.
Дiни экстремизмдi алдын алуға бағытталған «Мир различия» облыстық видеоролик сайысында Новопокровка ОМ оқушылары 3 орынды иелендi.
Бiлiм беру қызметiн лицензиялауды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы Заңының» 57 бабын, «Лицензиялау туралы» ҚР заңының 10 бабына сәйкес аудандағы бiлiм беру ұйымдарының 43-iнде (100%) бiлiм беру қызметiнiң лицензиясы бар.
Медициналық кабинеттер де ( 26) 100%-ға лицензияланған.
Бiлiм мекемелерiнде мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзудi ұйымдастыру
2016-2017 оқу жылының басында СҚО бiлiм беру саласын бақылау жөнiндегi департаментi бекiтiлген кесте бойынша 2 мектептi мемлекеттiк аттестаттаудан өткiздi: Жаңаталап және Көктерек БМ. Мектептер аттестаттаудан өттi.
Бiлiм беру мекемелерiнiң материалды-техникалық қамтамасыз етiлуi
Лингафондық-мультимедиялық кабинеттер саны — 21, интерактивтi тақталар саны — 61, физика кабинетiнiң саны — 18, биология — 6, химия — 10.
Аудан бойынша барлық 36 мектеп Интернет желiсiне қосылған. 9 мектеп 4 МБит/сек және одан көп кең жолақты қолжетiмдi интернет желiсiмен жабдықталған, ол барлық мектептер жалпы санының 25 %-ын құрайды, 19 мектеп 1 Мбит/с жылдамдығымен Megaline-CDMAEvdo тарифтiк жоспарына қосылған, лимиттi шеттен тыс асырса жылдамдық 128 кбит/с 52% дейiн барады.
Барлығы 1 мектептiң қана DIAL-UP тарифi бар, мәлiметтердi алуға қолжетiмдiгi бар 56 кбит/с.
Бүгiнгi күнi республикалық бюджеттен мультимедиялық жабдықтар, компьютерден тұратын 30 жинақ, проекторлар мен экрандар 10454,85 мың теңге сомасында сатып алынды
Салауатты өмiр салтын насихаттау
2016-2017 оқу жылы — 2246 оқушы спорттық секциялармен қамтылған: футбол, волейбол, баскетбол, жеңiл атлетика, қазақ күресi, гiр спорты, армрестлинг, тоғыз құмалақ, спорттық бағдар, шахмат, үстел теннисi, шаңғы жарысы, хоккей, грек-рим күресi, оқ ату. Бiлiм ұйымдарында балаларды қамту, соның iшiнде БЖДШК — 2246 оқушы, бұл 76,1 %. 152 спорттық секция жұмыс жасайды.
Ауданның жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде әруақытта оқушылардың спартакиадасы бағдарламасына жататын спорт түрлерi бойынша жарыстар өткiзiледi және мiндеттi болып саналады.
Шал ақын ауданы оқушыларының спартакиадалары Солтүстiк Қазақстан облысы оқушылар спартакиадасы бағдарламасына жататын спорт түрлерi бойынша аудан бiлiм бөлiмiнiң бекiтiлген күнтiзбелiк жоспары келiсiмiмен барлық оқу жылы бойы өткiзiледi.
Спорттық-массалық iс-шараны өткiзу жоспары облыстық жарыстардың күнтiзбелiк жоспары негiзiнде оқу жылына құрастырылады. Бiздiң ауданымыздың мектеп оқушылары аудандық және облыстық спартакиадаларда белсендiлiк танытады. 2016 жылдың 12 айында 39 аудандық жарыстар өткен болатын. Жарыстарда белсендi қатысатын мектептер: Е.Букетов атындағы мектеп-гимназиясы, Е.Шайкин атындағы ОМ, Қазақ орта мектебi, Кривощеково ОМ, Крещенка ОМ, Жаңажол ОМ, Приишим ОМ, Сухорабовка ОМ, Қаратал ОМ, М.Ахметбеков атындағы ОМ, Ақан-барақ ОМ, Мерген НМ, Ступинка НМ, Алқағаш НМ. Аудандық жарыстардың жеңiмпаздары мен жүлдегерлерi үлкен жетiстiктерге қол жеткiзiп жүрген облыстық спартакиадаларға қатысады:
Ұлттық спорт түрлерi бойынша спартакиада:
Жалпы командалық 1 орын.
«Ақшақар» спартакиадасы:
Жалпы командалық 4 орын.
«Жастар» спартакиадасы:
Жалпы командалық 4 орын.
2016-2017оқу жылының бiрiншi жарты жылдығында бiздiң ауданымыздың оқушылары келесi облыстық жарыстарға қатысты:
Облыстық жарыстарда оқушыларды сапалы дайындағандары үшiн келесi тренерлердi атап айтуға болады: А.А.Фогель — президенттiк көпсайыс, А.П.Горбунов — спорттық бағдар; Ж.Б.Успанов — коньки спорты; В.О.Кузичев — оқ ату; Б.Н.Нұртазин — қазақ күресi; М.К.Сыздыков — шахмат; О.А.Налибаев — футбол; О.М.Гаврилова, А.И.Храмов — шаңғы жарысы, В.В.Третьяков — гiр спорты; Ж.Т.Мажитов — жеңiл атлетика, Е.Ю.Орлов — баскетбол, Е.М.Абилькаиров — қазақ күресi. Олардың тәрбиеленушiлерi облыстық және республикалық жарыстарда бiрнеше рет аудан намысын қолдан берген емес.
Бұл Курьяков Алексей — жеңiл атлетикадан ҚР Чемпионы, жеңiл атлетикадан Қазақстан чемпионатында 3 орын Шумекова Инесса, Салимов Еламан — қазақша күрестен ҚР чемпионатының қола жүлдегерi.
Ауданның оқу ұйымдарын 2016-2017 жылу маусымына дайындық
«Шал ақын ауданының бiлiм бөлiмi» ММ бiлiм нысандарын жылу беру маусымына дайындау мақсатында келесi iс-шаралар өткiзiлдi:
ДКЗ-2020 бағдарламасының бiрiншi бағыты аясында үш мектепте 43 млн. теңге сомасында ағымды жөндеу жүргiзiлдi:
Кривощеково орта мектебiнде әйнектердi ауыстыру, фойе, асханада жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Жеңiл шатырды қаттыға ауыстыру.
Ақан-Барақ ОМ әйнектердi ауыстыру, фойе жөндеуден өткiзiлдi.
Приишим ОМ әйнектердi ауыстыру, фойе жөндеуден өткiзiлдi, шиферден профлистке ауыстырылды.