Бүгін 1 қыркүйек-білім күні. Тәуелсіз еліміз-Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні- өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі мерекесі.
1 қыркүйек әсіресе мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттағалы тұрған, жаңа өмірге қадам жасаған бірінші сынып оқушылары үшін қуанышты күн. Бұл олардың жадында сақталатын және тебірене еске алатын күн болады.
Бұл күн- бүлдіршіннің балалықтың бал-шағымен қоштасып, білім еліне аттаған алғашқы қадамы.
1 қыркүйек-Білім күні барлық білім беру мекемелерінде « Мен өз елімнің патриотымын» атты алғашқы білім сабағы өткізіледі.Алғашқы партаға отырған 1-сынып балалары.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау