1- мәселе бойынша 1-11 сынып жетекшілері оқушыларының ІІ тоқсандық қорытынды бағаларымен ата-аналарды таныстырды. Сондай-ақ интернет арқы өз балаларының күнделікті сабақта қандай баға алып жүргенін бақылап жүрген ата-аналр туралы айтып өтті.
2- мәселе. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» пікіралысу. Соңғы кезде бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала мен ер бала тәрбиесіне қоғам кінәлі деген сөз жиі айтылады.
Ал осы қоғам сіз бен бізден, ата-аналар мен ұстаздардан, тәрбиешілерден құралмай ма? Қазіргі кезде тәрбиеге не әсер етуі мүмкін? Ал қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана, әке емес, радио мен теледидар, газет-журнал, кітаптар мен кинолар, дискотекалар жан-жақтан әсер етуде. Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата-аналары таңертеңнен-кешке дейін жұмыста, бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен-күнге азайып барады. Ер баланың тәрбиесін неден бастауымыз керек? Бала кезінде ұлдың жұмысы, қыздың шаруасы деп бөлген дұрыс емес. Ата-анасына көмектескісі келсе, қолын қақпау керек. Бала әкені сенімді дос ретінде санайтын болсын. Үлгі тұтатын әке болсаңыз, бала сізге адал дос, қолдаушы болады. Ұл бала ерлерге тән ойлау жүйесін, жігіттік болмыс-бітім, мінез-құлықты бойына қайдан сіңіреді? Қыздардың – анасына, ұлдардың – әкесіне еліктейтіні анық. Ұл бала әкесіне ұқсас болғанын қалайды.. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы азамат болса: оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой деп мақтайды. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Қазақта ұлдар әкесі немесе атасының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен.
Қазақ қыздарын бала күнінен еркелетіп, бетін қақпай өсірген. Бұл қыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгендігін аңғартады. Сондықтан да, тәрбиелі, инабатты, намысты, ибалы арулар қазақ отбасында тәрбиеленіп шығады. Жастықтың өзi – сұлулықтың, нәзiктiктiң белгiсi. Қыз балалардың көрiктi болып өсуiне ертеде аналары ерекше көңiл бөлген. «Аттың көркi – жалы, арудың көркi – шашы» деп ұққан аналар қыздың шашын дұрыстап күтiп-өсiрудi өнер санаған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше етiп өру бойжеткен қыздардың көркi болған.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау