Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

Қолтығымызға қанат бітірген курс

«Қолтығымызға қанат бітірген курс»

  Петропавл қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлтық орталығы» АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбында  базалық деңгей курсы өтті. Бір топ аудан ұстаздарымен қатар мен де аталмыш курсқа қатысып, осы курсты сәтті аяқтадым.

Курс кезең-кезеңмен өтті. Екінші «Құндылықтар практикасында» біз өзіміздің жұмыс орындарымызда ашық сабақтар, интеграцияланған сабақтар, ата-аналар жиналысын, мұғалімдер семинарын, қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, өткіздік. Сабақ барысында әр ұстаз оқушылардың бойларына жалпыадамзаттық құндылықтарды  ұялата білді. Өйткені оқушылардың пікірлеріне сүйене отырсақ балаларға «өзін-өзі тану» пәні жақсы әсер береді. Бүгінгі таңда оқушылардың өмірден өз орнын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсуіне де көмектесудің қажеттілігі арта түсуде.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде алдымызға келген әр жанға біз жалпыадамзаттық құндылықтарды бойларына дарыта білдік. Осындай іс-әрекеттер арқылы әр ата-анаға, әр ұстазға рухани бай тұлға тәрбиелеуге бағыт- бағдар береміз. Өзін-өзі таныған адам басқаға да қамқорлық жасай алады. Осындай ұранмен әр ұстаз өздерінің мекендерінде қайырымдылық акцияларын ұйымдастыра алды. Дана аталарымыз айтып кеткендей «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп, біз бір-бірімізге қол ұшымызды бере отыра  жас ұрпаққа жақсылық жасауға жол көрсетіп, рухани өсуіне септігімізді тигіземіз.

Үшінші «Жүректен жүрекке» кезеңінде Петропавл қаласының №20 мектебінің оқушыларымен   атқарған жұмыстарымызды қорғап, ашық сабақтар өткіздік. Ашық сабақтар арқылы мұғалімдер өз шеберліктерін көрсете отырып, бір бірінен тәжірибе алмасуға кәсіби өсуіне үлкен көмек болды. Өткізілген сабақтарға жеке дара бағалау және бірлескен топтық талқылау жасалды.  

Осы курс бізге қанат бітіріп, біздің бойымызға көптеген өзгерістер енгізді.

Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеуде сүйіспеншілікпен, парасатты, ішкі жан дүниесі бай, нағыз ұстаз болуымыз қажет екендігіне көзімізді тағы бір мәрте жеткізді. Біз, осы курсқа қатысушы мұғалімдер, өзіміздің білімімізді одан әрі шыңдай түстік. Курс барысынан алған біліміміз, әсеріміз мол. Сол алған білімімізді «Өзін-өзі тану» пәнін өткізу барысында оқушыларға жеткізетініме сенімдімін.

Кеңес орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Мухамедина Қ.М.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер

b135skobilim | 2017/04/17 11:58:19
Рухани-адамгершілік білім беру еліміздің ертеңгі болашағы, яғни қазіргі жас ұрпаққа жол сілтеуші міндеті. Өзін-өзі тану пәні нағыз керек пән.

Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь