Наурыз мейрамы-көктем айында тойланады. Наурыздың 22-сі қазақтар үшін жыл басы-жаңа жыл. Күн мен түннің теңелетін уақыты. Сондықтан да Наурыз тойы-ұлыстың ұлы күні деп атаған. "Ұлыс" деген сөз мемлекет ел деген мағынаны білдіреді.Наурыз –Ұлыстың ұлы күні, мейрам. Наурыз тойын тойлаудың дәстүрі бар. Бұл күні наурыз көже пісіріледі.
Наурыз күні жеті түрлі тағам қосылған наурыз көже дайындалады. Әр үйдің дастарханы бұл күні наурыз көжемен бірге ұлттық тағамдарға толады.Біз де мектебімізде ақ дастархан жайдық.Биылғы жылы Мектебімізге наурыз көжесін әзірлеп ауылымыздың ақ әжеміз Шапия әжейде қадірлі қонағымыз болды. Көжені әзірлеу жолын айтып,тамсандырды:
- Наурыз көже су мен тұздан басқа кеміне жеті түрлі азықты /бидай, тары, құрт, ет, сүт, күріш, май/ пайдалану арқылы пісіріледі. Бұл асқа соғымнан әдейі сақталған мүшелер /жамбас, қазы/, айран немесе құрт қосылады.
Наурыз көжеге ауылдағы әр үй бірін-бірі кезекпен шақырған. Әрбір келген кісі сол үйден бір кеседен көже ішуі тиіс деп есептелген. Көже ішіп болған соң, үлкендер ақ тілеу айтып, бата берген. Наурыз көженің тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау