Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

ҰЛТ БІРЛІГІ - ҰЛЫ БАЙЛЫҚ!

 

Сәуір айының 25.04.17 - 01.05.17 аралығында  «1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі» күніне арналған іс-шараларды дайындау және  өткізуге байланысты онкүндік жоспары құрылып,жоспарға сай  жүргізілді.                                                                              
25-і күні ««Достығы жарасқан, бақытты ел – Қазақстан» тақырыбында 5-11сыныптар қабырға газеттерін шығарумен басталды.
26-і күні кітапханада оқырмандарға ««Ынтымақты  елдің ырысы мол»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.                                                           Негізгі мақсат  оқушыларды  патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдеп-ғұрпын сыйлауға үйрету.                                                                                                                       
27-і сурет сабағының мұғалімі Бигужин С.Қ.және бастауыш сынып мұғалімдері «Құтты шаңырақ астында»атты  суреттер көрмесін  өткізді.                                         
28-і күні «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты 1-11 сыныптарға сынып сағаттары өткізілді.                                                                                     29-і күні «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты мерекелік  жиын ұйымдастырылды. Мерекені бастау салтанатын ұйымдастырып құттықтау сөзін дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білікті басшы Базарбекова Балапан Қайнашқызына берілді.Кеш сценариі бойынша өлең жолдары, әндер шырқалды. Әрі қарай мерекені сыныптар жалғастырды.Әр сынып әрбір ұлт өкілдерінің әнімен биін қолданды. Оқушылар «1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі» мерекесіне жауапкершілікпен дайындалып барлық мүмкіндіктерін пайдаланып шығармашылығын, креативтілігін, әртістік талантын көрсете алды. Кештің соңғы нүктесін қазақ халқының екінші әнұранына айалған «Атамекен» әнімен аяқтады.                                                                                          

               

 

Аға  тәлімгер:  Кенжалина М.С.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь