7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай өткелі отырған «Менің елім» атты әскери - патриоттық әндер байқауының сценарийі
Мақсаты:
а) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
б) Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру.
1-жүргізуші:
Ардақты елім, кең елім,
Құтты болсын мерекең.
Ырыс көктеп жеріңде,
Арта берсін берекең
2-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті көрермен қауым, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің 25 жылдық мерекесіне арналған «Мен-елімнің париотымын» атты патриоттық ән кешіне қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Сіздерді еліміздің айтулы мерекесімен құттықтаймыз. Жанұяларыңызға қуаныш, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс және елімізге тыныштық тілейміз.
2-Ата-бабамыз мұра ретінде қалдырған ұланғайыр жерімізді бүгінде ержүрек ерлер қорғап келеді. Отанымызды қорғауда әр мемлекетіміздің азаматтарының ізгі ниеттерімен жасаған үлесі көп болды. Алып ауыт мемлекет Кеңес Одағы ыдыраған уақытта қиын қыстауда Сағадат Нұрмағанбетов секілді бастаған алып тұлғалы ағаларымыз еліміздің шетін жау баспасын деген оймен өз Отанымыз Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерін құруға кірісті
Міне еліміздің Қарулы күштеріне 25 ЖЫЛ
Ұлан байтақ жерді мақтан қыламын,
Бұған талай келеді ұрпақ куә боп.
Соған арнап жазып келеді жыр әнін.
2- Тәуелсіздік арманы ғой бабамның.
Сан ғасырлар жан жүрегін тырнаған,
Сұлулығын мынау байтақ даламның.
Тамсандырып талай ақын жырлаған
1- Міне осы, гүл жайнаған далада
Әскері жүр күндіз-түні күзеткен
Ширек ғасыр өтсе-дағы арада,
Салауатты игі істерін із еткен.
Нар жігіттей буындары қатайған.
Әскерің бар! Қайран халқым түңілме.
Талай елде абыройы аталған.
1- Ел әскерсіз, әскер елсіз болмайды.
Ел әскерсіз болса егер сол қайғы.
Әскерменен қабырғасы қатайған.
Елдің сағы еш уақытта сынбайды.
2-Тәуелсіздік және оның әскері
Айнымастай екеуі егіз ұғымдай.
Екеуінің қолбасшысы, басты Ері Елбасымыз,
дара туған ұлындай!
Сенің мәңгі қуатыңа сенейік.
Бабалардың рухы әрқашан қолдасын
Бейбіт күннің шапағатын көрейік!
2-Өз елінің патриоты деген не? - Ол – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау.
1-Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай еңбектерінен де кездестіреміз.
А.Байтұрсынов:
- Қазағым елім!
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның
Аш көзіңді оянып...- десе,
М.Дулатов:
«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты» - дейді.
2-Ал С.Торайғыров:
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам,
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда кім болам? – деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа талпыну, Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады.Алаштың осы - біртуар ұлдарының бұратана халық болмаймыз, өз алдымызға тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қалдырған өсиеттері өз иесіне енді-енді ғана жетіп жатыр.
Жасасын Жеңіс
Еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қаншама адам ерліктер жасап майданда
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!
Қарсы алыңыздар, 3-4-сынып оқушыларының орындауында «Соғыстан қайтқан солдаттар»
2-жүргізуші:.
Қазақстан-көк байрақты нұрлы елім,
Сендегенде лүпілдейді жүрегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым
Өзің менің тынысым да тірегім
1-жүргізуші:
Ел құрадық шаттық, құйып көңілге
Жарқырайды Елтаңбаң да төріңде
Іргетасың жатыр берік қаланып
Бетті бұрдың алға-жарқын өмірге!
2-жүргізуші:
Саған жырдан - сый арнағам,
Қиял құсын қуған жерім,
Туған жерін сүйе алмаған,
Сүйе алар ма туған елін! –
1-жүргізуші:
Халқым менің! Саған қарап жұбанам,
Тарих беті қатар-қатар бұралаң.
Талай зардап қайғы мұңның- соңынан,
Егемендік алғаныма қуанам.
2-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман , жасыл жайлау, көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан –елім менің
«Сарбаздар» әні 7-9-сынып оқушыларының орындауында
1-жүргізуші:
Көптен күткен көк Байрақ желбіреді,
Күннің көзі көктемдей елжіреді.
Мұнан ыстық, жалын - от бар ма сірә,
Отан - әнмен жүрегім тербеледі
«Егемен Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар!
Патриот сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді.
*Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;
2-жүргізуші:
Құттықтаймыз! Еліміздің патриоттары аман болсын және мерейлері арта берсін!
1-Жеңісті күндерде жүздескенше аман- сау болыңыздар!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау