...Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп жырлап кеткен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге өмір сүріп келеді және мәңгі өмір сүре бермек! Асыл сөздері келешек заманымызда да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ.
Жыл сайынғы өтетін дәстүрлі Абай,Шәкәрім,Махамбет оқуларының аудандық кезеңі біздің қазақ мектебінде болып өтті. Ондағы мақсат: талантты ақын Абай, Шәкәрім , Махамбеттің ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, рухани танымын кеңейту болды. Сайыс ІІІ номинация бойынша өтті. Әр номинация бойынша оқушыларымыз мектебіміздің намысын қорғап жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша 1 – орынды 6- сынып оқушылары Жолаушы Мерей мен Манап Динара иеленді. «Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы» номинациясы бойынша 6-сынып оқушысы Жылқыбай Даниал мен 11- сынып оқушысы Арбагулова Саида 3- орынға ие болды. Ойтолғау жазудан 10- сынып оқушылары Дюсенова Динара мен Тлеужанова Диана 3- орынға ие болды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау