Дүниетану 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Туған-туысқандар
Мақсаты:
1) оқушылардың отбасы туралы білімдерін шыңдай отыра, қазақ отбасының туған-туысқандары жайлы,шежіресі, құндылықтарының маңызын ұғындыру ;
2) оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту,шығармашылыққа баулу;
3) ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:топпен жұмыс ,СТО,АКТ
Көрнекіліктер: фотоколлаж ,интерактивті тақтадан слайдтар,плакат,стикер
Барысы:
1.Ұйымдастыру.
1) Амандасу
2)Оқушыларды түгендеу
3).Психологиялық ахуал
Оқушылар шеңберге тұрып,суреттерді таңдап ,мазмұнына қарай тілек
білдіреді.
Суреттер:ата,бала,спортшы,бұлт,күн,аспан,көгершін,ара,бүркіт .
Қарияларды құрметтейік,бақытты балалық шақ,денсаулық мықты
болсын,аспанды қара бұлт баспасын,...
4)Топтарға бөліну
Жоғарыдағы суреттердің мазмұнына қарай 3 топқа бөлінеді.
Топ ережесін құру
2.Қызығушылық ояту.Слайд1
1) Еске түсіру этапы
1.Жерге ең жақын жұлдыз
2.Күн жүйесінде неше планета
3.Тұңғыш ғарышқа ұшқан адам
4.Күн мен Жердің ара қашықтығы
7.Бір жылда неше тәулік бар?
8.Қоғам деген не?
10.Табиғи бірлестік деген не?
2) Ребус (Отбасы) Слайд 2 1-топ
3) «Қытай десерті» әдісі бойынша топтар «отбасы» сөзіне ассоциация құрып,
бір-бірін толықтырады.
3.Үй жұмысын бекіту
«Отбасы »тақырыбы жайлы мәтінді бөлімдер бойынша әр топтан бір оқушы шығып әңгімелеу. Слайд 3
1-топ –Отбасы-шағын қоғам.
2-топ-отбасы қоры.
3-топ- отбасындағы сыйластық.
4.Сергіту сәті
Шеңбер құрып,киіз үйдің шаңырағын бейнелеу .(ұлттық музыка әуенімен)
Қол ұстасып тұрамыз ,
Керегені құрамыз.
Уықтай боп иіліп ,
Киіз үйді құрамыз.
1) Мұғалімнің сөзі:
Қазақ халқы көне заманнан өз ұлтын,салтын сүйетін, оны ұрпақтан ұрпаққа
жеткізе білетін,бауырмал,қонақжай,бірлікті,татулықты қолдайтын
халық.Үлкенге құрмет,кішіге қамқор
болу,мейірімділік,қайырымдылық,сыйластық секілді қасиеттер қазақтың
қанында дарыған.Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдерінің тұруы соған
дәлел.
Қазақ халқы жігіт адамның үш жұрты бар деп есептейді.Слайд 5
2) Постер жасау
1-топ –өз жұрты
2-топ- нағашы жұрты
3-топ- қайын жұрт
Мұғалім әр топ қорғаған жұмысының соңында слайдтағы сызбалар арқылы
қосымша мәлімет беріп отырады.
3).Фотоколлаж «Менің отбасым»
Оқушылар дайындап әкелген отбасы фотосуреттерін көрсетіп ,қалай
туысатынын айтып береді.
4) «Кім жүйрік» ойыны
Мақал - сөздің мәйегі.
Отбасы тақырыбына мақал-мәтел жарысы
«Кір жаятын жіп» әдісі
Стикерді қолданып,жаңа тақырып бойынша әр топ келесі топтарға сұрақтар
дайындап ,кір жаятын жіпке іледі.Әр топтан бір баладан келіп сұрақтарға
жауап береді.
1) «Әрі тілек,әрі өлең» Слайд 6
Оқушылар сызба бойынша өлең құрастырады.Стикерлік әдіс бойынша киіз
үйге жапсырады.
... ... болсын, Отбасымыз берік болсын,
... ... қонсын. Басымызға бақыт қонсын.
... ... аман болып, Туған-туыс аман болып,
... ... толсын. Сыйластықпен орта толсын.
2) Бағалау
Оқушылар тақтада ілінген түсті қағаздардың ұнағанының жанына барып
тұрады.
Топтар бағаланады.
3).Үй тапсырмасы
1.Мәтінді оқу
2.Үш жұрт бойынша әр топ сөзжұмбақ құрастыру,
3.Барлық туысқандарды кім болатынын білу.
Рефлексия «Бес саусақ»әдісі Слайд 7
|
Рефлексия «Бес саусақ»әдісі
Нағашы жұрт
ата
|
|
Қайын жұрт
Өз жұрты
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау