Тақырып: Мейірімділік-асыл қасиет
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер:бауырмалдық,қамқорлық,татулық.
|
Мақсаты:бір-біріне ізгі қарым-қатынас жасай білу туралы түсініктерін кеңейте отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1.Бір-біріне қамқор,бауырмал болу түсініктерін тереңдете келе,мейірімділік қасиетінің маңызын ашу. 2.Оқушының бойында бір-біріне деген ізгі қарым-қатынас жасау барысында бауырмалдылық,татулық қасиеттерін дамыту; 3.Өзара бауырмалдыққа,бір-біріне қамқор,тату болуға тәрбиелеу..Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті. «Орманға саяхат» Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз. Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз. Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды. Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз. Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз. Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын. Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, мектепке қарай аяңдаймыз. Сыныпқа келіп өз орнымызға отырайық. Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)акт, стикер, слайдтар, гүлдің суретінің қиындылары.
|
||||
|
2.Үй тапсырмасын тексеру. 2.1.№24. «Алтынмүйіз»ертегісінің мазмұнына сай сурет бойынша» «Галереяға саяхат жасау 2.2.Мақтану-мақтаншақтық емес. Абай атаның сөзін талдау(өз ойын мысалмен дәлелдеу) 2.3.Жағдаяттық сұрақтарға тек «ия», «жоқ»деп жауап беру. №25. «Мейірімділік-асыл қасиет» Мен- апамның ай мен күні Б.Серікбаев.жатқа айту. Апам мені: «Айым»-дейді, Мен мұңайсам,уайым жейді. Апам мені «Күнім»-дейді, Мен қуансам күлімдейді. -Бір-біріне мейірімділікті қалай көрсетуге болады? -Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?(оқушылардың жауаптарын тыңдау) |
Оқулық,дәптер, суреттер
|
||||
|
3.Дәйексөз Мейірімділікті анадан үйрен. Халық даналығы. 3.1 «Мозайка түрінде ұсыну.» 3.2.Дәйексөзді кезекпен оқыту. 3.3.Дәйексөздің мәнін ашу. 3.4.Дәйексөзді дәптерге жазу. |
Мозайка,дәптер |
||||
|
Әңгімелеу. Сары тауық пен балапандары. М.Төрежанов. Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп,ауылдан ұзап кеткен.Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті.Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да,мекеніне жеткізе алатын емес...
|
|
||||
|
Сұрақтар: 1.Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды? 2. «Күн ашылып,ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер? 3.Ал сендер мейірімділікті,қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер? |
|
||||
|
5.1.Шығармашылық іс-әрекеттер,жұптық жұмыс Кесте толтыру
5.2.Дәптермен жұмыс. |
|
||||
|
6.Топпен ән айту. «Айналайын ақ мамам» 1.Бізді өсіріп баптаған, Жақсы болсақ шаттанған. Алтыным деп мақтаған, Айналайын-ақ мамам. 2.Бізсіз тағам татпаған, Күндіз тыным таппаған Алтыным деп мақтаған, Айналайын-ақ мамам. |
|
||||
|
7.Үй тапсырмасы: №25.Ақ балапанға хат жазу. №26.Жан Ана.Е.Көсеоғлу,аударған С.Дағайқызы,мәнерлеп оқу. |
|
||||
|
8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті.(баяу музыка әуенімен)Бүгінгі сабағымыздың не жайлы екенін бір сәт ой елегімізден өткізейікші.Анамыздың айтқанын тыңдап,өзімізден кіші бауыр,достарымызға қамқор болайық. Сау болыңыздар.
|
|
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау