Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

TALIS-2018 зерттеуі

Осы жылдың  26 ақпаны мен 31 наурыз аралығында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық сабақ беру мен оқыту зерттеуі (TALIS) өтуде. Зерттеуге Қазақстанның 331 мектебі халықаралық іріктеуден өтті. Оған әр мектептен бір директор және 20 шақты кездейсоқ іріктелген мұғалім қатысады. Мектептердің репрезентативті  іріктелуі  Халықаралық зерттеу  консорциумымен  анықталды. 331 мектептің директоры мен мұғалімдердің сауалнамаға берген жауаптары барлық мемлекеттік педагогтардың дауысын білдіретін болады. Айта кетейік, аталған зерттеуге Қазақстаннан басқа 47 мемлекет қатысады.

         Аталмыш зерттеуге біздің Кеңес орта мектебі де қатысуда.
    TALIS – 2008 жылдан бастап әр 5 жыл сайын өтетін әлемдегі мұғалімдер корпусының ең үлкен халықаралық зерттеуі болып табылады. Зерттеу мұғалімдердің қызметіне, инновациялылығына, еңбек жағдайына, әлеуметтік статусына сырттан салыстырмалы  баға береді.  Сондай-ақ, зерттеу барысында мектептегі  көшбасшылыққа  және ахуалға талдау жүргізіледі. TALIS қиындықтарды анықтап, 48 мемлекеттің ұстаздар корпусын жақсарту бойынша ұсыныстар жасайды. Жобаны Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы үйлестіреді.
    TALIS-2018 зерттеуінің нәтижелері 2019 жылдың маусым айында жарияланады. Қазақстандық мұғалімдер, директорлар жайлы және де олардың еңбек жағдайлары туралы алғашқы рет объективті әрі басқа елдермен салыстырмалы деректер алынатын болады.   
    Мектеп мұғалімдері мен директорлардың дауысын ұлттық және халықаралық  деңгейде  естілуіне мүмкіндік береді. TALIS зерттеуінің нәтижелеріне  қарай, қатысушы елдер  оқытуға тиімді жағдай туғызу мақсатында өз білім саясатын қайта қарастырып, дамудың жаңа басым бағыттарын анықтайды.
    Мысалы, TALIS-2013 зерттеуінің нәтижесінде Шанхайдағы мұғалімдердің жалақысы 10% көтерілді. Аустралияда жоғары оқу орындарында жаңа педагогикалық дайындық бағдарламалары ашылып, кәсіби стандарттар жаңартылды. Италияда «Жақсы мектеп» бағдарламасының аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыруға қосымша қаражат бөлінеді және әр мұғалімнің нәтижелігіне қарай төленетін жалақы беріледі. Англияда тексерістен «жақсы» бағаға өткен мектептерде үш жылда бір күн өтетін «қысқа мерзімді тексерістер» енгізілді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь