Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

Білім беру ұйымдарында «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» деп аталатын жалпыреспубликалық ашық сабақтар

Білім беру ұйымдарында «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» деп аталатын  жалпыреспубликалық ашық сабақтар

 

2019 жылы 1 желтоқсанда елімізде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні атап өтіледі. Қазақстан Парламенті 2011 жылы мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күнін белгілейтін Заң қабылдады.

1991 жылғы 1 желтоқсанда болған бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев егемен Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуы мен көркеюіне айрықша үлес қосқан, Қазақстан мемлекеттігін құрудың бастауында тұрған көрнекті тұлға болып табылады. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан 20 жыл ішінде әлемдік аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Бірыңғай сабақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін мерекелеуге орайластырылып, білім беру ұйымдарында білім алушылардың назарын Елбасының ерекше еңбегіне аударуға, жастардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілік сезімін орнықтыруға, сондай-ақ өзін-өзі іске асыру дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталып отыр.

Осыған орай мектебімізде «Елбасы күні – елдікке құрмет» тақырыбында іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. 29 қараша күні 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын Мемлекеттік Гимнмен ашылып, Елбасының тарихы туралы қысқаша мәліметтер берілді. Сонымен қатар, «Жас Қыран» ұйымына қабылдау. «Жас қыран» ұйымына қабылдау  рәсімі мектебіміздің директоры мен мектеп әкімшілігі, мектеп ұстаздарына берілді. Жас Қыранға қабылданған оқушылар салтанатты түрде уәде беріп, өздерінің өлең шумақтарын айтты. Мектебіміздің директоры Бейсенбаев Серғазы Ермекұлы  1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мен Жас Қыран ұйымына қабылданған оқушыларды құттықтады.   Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: Қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласын іске асыру мақсатында екі тілде «Болашаққа бағдар» және «Взгляд в будущее» атты бейнефильмдер көрсетілді. Мектеп кітапханасында «Ұлт көшбасшысы - Елбасы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Әрбір сыныпта «Көшбасшылық сағаттары». 1-8 сыныптарда «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» деп аталатын  жалпыреспубликалық ашық сабақтар өткізіліп сәйкес қорытындылар шығарылды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь