«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Кеңес орта мектебі» КММ жанындағы Айналайын шағын орталығында санитарлық эпидемиялық ережелеріне сәйкес белгілер сызылып, бетперде тағу, ара қашықтықты сақтау, қол жуу нұсқалары бойынша ескертпе парақтары қабырғаларда орналастырылды. Шағын орталықтың кіру зонасында ата- аналардың көп жиналмауын алдын алу жолында белгілері қойылған. Тамақ ішу, ұйықтау кезінде ара қашықтықты сақтау мақсатында тәрбиеленушілердің үстел, орындықтарымен төсек орындарына шартты белгілер орнатылған.Термометрия жүзеге асырылды, қызметкерлердің және балалардың келген және кетер уақытта дене қызуы өлшеніп, журналға тіркеледі.