9-қыркүйек күні тілдер апталығының аясында «Дені саудың- тәні сау» тақырыбында эссе байқауы 11- сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылды. Балалардың жұмыстарын тіл мамандары тексеріп, жеңімпаздарды анықтады.Эссе байқауының қорытындысы бойынша I орын Кемел Ділназ, II орын Жаңбырбаев Рахат, III орын Нұрғали Ділназ иеленді. Эссе жұмысын тексерген уақытта оқушылардың өзекті тақырыптарды көтергендері аңғарылды, яғни пандемияның өмірімізге әсерін, денсаулықтың маңыздылығын әдеби тілмен шырайландырып, көркем жаза білді