«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Кеңес орта мектебі» КММ-де 10.08-20.09.2020 ж аралығында өтіліп жатқан «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы аясында тамыз айында мектебіміздің оқу сыныптарының, спорт залының, медициналық кабинеттің, су құбырларының, жылу жүйесінің дайындығы пысықталды. Акция аясында білім алушылардың қауіпсіздігін нығайту жолында іс- шаралар ұйымдастырылып өтілуде, өрт жағдайындағы қауіпсіздікпен таныстыру мақсатында мектеп фойесінде ақпараттық бұрышнама жасақталды.