Социал негізгі мектебінде 6 қыркүйектен бастап 11 қыркүйек аралығында отбасы күніне арналған іс-шара ұйымдастырылды.Бұл іс-шараға 1-9 сыныптың оқушылары,ата-аналары,мұғалімдері қатысты.Апталықтың бірінші күні апталықтың жоспарымен таныстырылды.7 қыркүйек күні балабақшада «Отбасы –бақыт мекені» мерекесі ұйымдастырылды.Мектеп кітапханасында «Менің отбасым» бұрышы жасалды.Бастауыш сыныптарда «Тату –тәтті отбасы» атты сурет байқауы өтті.8 қыркүйек күні 6-9сынып оқушылары арасында «Мықты отбасы-мықты мемлекет» атты бейнероликтер байқауы болды. 9 қыркүйек күні дене шынықтыру мұғалімінің ұйымдастыруымен «Әке шешем және мен», «Менің көңілді отбасым» спорттық ойындары ойнатылды.10 қыркүйек күні «Бақыттымыз бірге» фотокөрмесі жасалды.Апталық соңында белсенді қатысқан оқушылар
марапатталды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау