Мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.
2020 жылдың 7 қыркүйектен бастап қыркүйектің 17 дейін «Тіл-татулық тірегі» атты қазақ тілі апталығы өтті. Апталық салтанатты «Ана тілім-ардағым» кітаптар көрмесі кітапханашы Т.М.Малыхинаның ұйымдастыруымен ашылды.
Аптаның екінші күні «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»атты ән сайысы (өзге тілде ән айту) Мухамеджанов Ж.Е. басшылығымен өткізді.
Аптаның үшінші күні Өз шығармашылығынан үзінді оқу, тілге деген құрмет көрсету бойынша 7 «А» сынып оқушысы Қаби Расул өз шығармашылығымен бөлісті.
Аптаның 4 күні «Тәні саудың –дені сау» атты эссе жазды, 9,11 сынып оқушылары өз ойларын толықтай дәптер бетіне түсірді.
Бастауыш сынып оқушыларымен «Әлем пандемиядан кейін» сурет байқауы өтті. Олар елімізде болып жатқан пандемия мәселесін сурет салу арқылы түсініп алды.
«Тіл халықтың мұрасы» (өзге ұлт балаларының 11 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу) сайысын өткіздік. Оқушыларға әр тілде тақпақтар берілді, олар жаттап, видеоға түсіріп әкеді.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» презентация жасалды.
Апталықтың соңғы күні салтанатты жабылу кешінде апталыққа белсенді қатысқан барлық оқушылардың есімдері аталып, дипломлар мен алғыс хаттар берілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың мемлекеттік тілді жетік меңгеріп білуіне көңіл бөліп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздық қабілеттерін оята білді.
Қорыта келгенде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы белгіленген жоспар бойынша өткізілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестіктің жетекшісі: К.Т.Узбекова
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау