«Мектепке жол»республикалық акциясы аз қамтылған,көп балалы отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған. «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1шілде мен 30 қыркүйек аралығында өтуде.Шараның мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың мектеп жасындағы балаларына қамқорлық көрсету, онлайн білім алуға қажетті оқу құралдармен қамтамасыз ету және олардың жаңа оқу жылына даярлығын қамдау болып табылады.Баланың бақытты күлкісі көбіне әке мен ана мейірімі мен оларға жасалған қамқорлықпен өлшенеді.«Мектепке жол» акциясы бойынша Кеңес орта мектебінде маңызды шаралар қолға алынып, жоспарға сай оқушыларға қайырымдылық көмек көрсету ұйымдастырылды.Мектеп директоры Мухамедин С.Қ, ауылымыздың шаруақожалықтары «Агро Кеңес» ШҚ басшысы Базарбеков Ж.Д,СПК«Кеңес 2015»Кенжалин М.С,«Сыздық»ШҚ басшысы Сыздықов М.Қ, жеке кәсіпкер Байдалин О.А, «Ержан»Ш.Қ Кубетаев Ж.Ш қаржылай көмек көрсетті. Ел болашағына үмітпен қарайтын меценат азаматтарға алғыс мол.Осындай қамқорлықтар аясында ауылдағы мектеп жасындағы барлық бала мектепке жақсы дайындықпен келді.