Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

Ұстаз –ұлы есім

                                                   Ұстаз –ұлы есім

    Нағыз ұстаз болу –бақыт әрі абырой. Нағыз ұстаз болу, екінің бірінің қолынан келе бермейтіні анық. «Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»
Ж.Ж.Руссо айтқандай , қиыншылығы мен рахаты  бір басқа жетерлік  мамандық атаулының ұлысы.

      Білім беру саласында  тәжірбиелі де білімді, өз мамандығының хас шебері кәсіби ұстаздар жетерлік.Солардың бірі –Социал негізгі мектебінің мұғалімі Онайбекова Шынар Халыққызы. Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған  Шынар Халыққызы жайлы ерекше ілтипатпен айтуға болады.

      Ол –ұлағатты ұстаз.Өз өмірінің қымбат уақытын шәкірттерін оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келеді. Өз ісіне берілген Шынар Халыққызы кейінгі ұстаздарға үлгі -өнеге. Ол Солтүстік Қазақстан облысы,Шал ақын ауданы,Социал ауылының тумасы.Кішкентай кезінен мұғалім болуды арман-

дап, сол мақсатына жетіп, 1979 жылы оқуға түсті.   1983 жылы Петропавлдағы музыка және ән  факультетін бітіріп , жоғарғы білімді жас маман  ұстаздық еңбек жолын өз елінде бастады. Содан бері өз елінде ұстаздық еңбек жолына 37 жыл болыпты. Ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызметті абыроймен жалғастырып келеді. Жақында Шынар апайымыз зейнеткерлік  демалысқа шықпақшы. Ұстаздың қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке деген ынтызарлығы жас мамандар үшін үлгі боларлық. Жеткен жетістіктері де аз емес.Соңғы  бес жылдағы жетістіктерін айтатын болсақ, 2016 жылы Республикалық облыстық  пәндер олимпиадасынан 3дәрежелі  дипломмен марапатталды. 2016 жылы облыстық білім беру жүйесін дамытуға зор үлес қосқаны үшін, алғыс хатпен марапатталды. 2016 жылы сала қызметкерлерінің әлеуметтік құқықтарын қорғау бойынша белсенді жұмысы және білім жүйесіндегі адал еңбегі үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2017 жылы Республикалық  мұғалімдер «Білім арна қазақ педагогикалық қауымдастығы» әдістемелік жинағына мақала жарияланды. 2018 жылы республикалық облыстық пәндер олимпиадасынан 3дәрежелі дипломмен марапатталды.

     Ол мұғалімдік қабілетімен қатар, жақсы мектеп басшы, өз отбасының мәуелі бәйтерегі, жолдасы Тайжан екеуі  ұлын ұяға,қызын қияға қондырып отырған ата-әже.

 

 

                                             Социал мектебі ұжымы


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь