«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының « Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейы» арнайы жобасын іске асыру мақсатында М. Ахметбеков атындағы орта мектебінде қазанның 16 –сы « Ас адамның арқауы» құрт пісуру технологиясының үйрету сабағы өтті. Сабаққа 9 - сынып қыздары қатысты. Ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулықтың құпиясын біздің ата-бабамыз біледі!
Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары). Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Және олардың көптеген қызықты атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Олардың көпшілігі қазіргі кезде қазақ дастарқанынан сирек көрінетін жеңсік ас қатарына жатады. Қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне түрінің бірі – құрт. Құрт ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күнге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ұлттық тағам ретінде пайдаланылады.Құрт - малдың сүтінен дайындалатын, ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Құрт жыл бойына, кейде 2-3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады.Әр елдің өзіне ғана тиесілі ұлттық тағамдары болады. Әдетте ол тағамдар халықтың тұрмыс-тіршілігіне, географиялық орналасуына сәйкес пайда болып, жасалады. Дәл сондай тағамдардың бірі - құрт пен ірімшік.Құрт пен ірімшік - саяхатшыларға, аңшыларға, балықшыларға, геологтар мен әскер адамдарына таптырмас өнім. Олар қант пен шоколадтан әлдеқайда жақсы. Көп адам сүттен жасалған тағамдарды жақсы көреді. Олар тойымды, дәмді, әрі ағзаға жылдам сіңеді. Бір өкініштісі, тоңазытқышсыз көпке дейін сақталмайды. Ал ірімшік пен құрттың жайы басқа. Ол жаугершілік заманда өмір сүрген, төрт түлік мал баққан, әр мезгіл сайын жайлауға, күзеуге, қыстауға, көктеуге көшіп отырған көшпенділерге тиесілі. Бұл тағамдарды Жібек Жолы бойымен сауда-саттық жасау кезінде алып жүретін болған. Олар - әр түрлі технологияның көмегімен бір ғана сүттен жасалған өнімдер. Алуан түрлі дәмі бар құрт пен ірімшіктің ең басты қасиеті - жоғары температурада ашымауы. Жасалу тәсіліне орай бірнеше айға дейін сақталады.
Қалтаға салып жүруге өте ыңғайлы. Бір қап шекілдеуікпен бірдей. Көшпенді халықтардың негізгі тағамдары болғандықтан, жеңіл болуы да ескерілген. Көлемі кішірейсе де, құрамындағы дәрумендер мөлшері сол күйінде қалады.Қыр баласы жолда кетіп бара жатып қарны ашса, қалтасынан құрт алып жейді. Осылайша түстеніп алады десек те болады. Кейбір адам құртты "аштықтан құтқаратын дәрі" деп те атайды. Бұл сіздерге белгісіз өнімненЖаңалықты мекеменің сайтында қарау