Бүгін елімізде жаңа оқу жылы басталады. Өзіндік ерешеліктер жайында ел құлағдар. Мысалы, 2 млн 600 мың бала қашықтан оқиды. Яғни оқушылардың 80 проценті онлайн форматта білім алады. Мектептер 8 интернет платформаның бірін таңдап, сол бойынша сабақ жүргізеді. Ал оған қосылуға мүмкіндігі жоқтар телесабақ арқылы оқиды. «Еларна» және «Балапан» арналары білім бағдарламасына 9 сағат эфирін арнайды. Ал бастауыштың 530 мың оқушысы кезекші кластарға барады. Эпидемиологиялық ахуалы тұрақты ауылдардағы шағын жинақталған мектептер дәстүрлі білім береді. Яғни 2020 мың бала мектеп партасына отырады. Бір кабинетте 15 оқушыдан артық отыруға болмайды. Әлеуметттік арақашықтық сақталуы тиіс. Ел бойынша 350 мың мұғалім қашықтан оқыту әдісін меңгеру үшін арнайы курс оқыған. Көп балалы және тұрмысы төмен отбасының балаларына уақытша пайдалануға компьютер берілді. Барлығы 500 мың оқушы компьютермен қамтамасыз етілді. Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/419683-1-yrk-jek-bilim-k-ni Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz |
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау