М. Ахметбеков атындағы орта мектебінде « Мен мықты болсам – Қазақстан да мықты» атты облыстық онкүндігі ұйымдастырылды. Мектеп психологі Абуова З.К . 9-сынып оқушыларына « Конфликт және оның шешу жолдары» тақырыбында тренинг өткізді . Мұндағы мақсат: өсіп келе жатқан ұрпақтың психологиялық күш – қуатын қалыптастыру, жас жеткіншектер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу, психологиялық ахуалды жандандыру, жақсарту, өмірдегі адамгершілік, отбасылық татулық құндылықтарын түсіндіру. Онкүндіктің сонында «Психологиялық денсаулық күніне» «Балалар бақытты болсын!» тақырыбында флэш – моб ұйымдастырылды.
https://www.facebook.com/Жаңалықты мекеменің сайтында қарау