«Бала құқығы –адам құқығы » дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған іс-шара
Социал негізгі мектебінде «Бала құқығы –адам құқығы» дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға мектеп оқушылары,мұғалімдер,ата-аналар қатысты.28 қазан күні мектеп кітапханашысы Б.М.Досмуканова «Өз құқығың жайлы көбірек біл, жас дос» көрме ұйымдастырып,құқық туралы мағлұмат берді.30 қазан күні мектеп әлеуметтік педагог Ж.Н.Аубакирова 6-9 сыныптар арасында «Мен және менің құқығым» пікірталас өтті.2 қараша күні 9 сынып жетекшісі К.Б.Садвакасова «Құқықтық сауаттылық –заман талабы» сынып сағатын өтті.
3 қараша күні 6,7 сынып жетекшісі Л.М.Баянтаева «Бала құқығы-сенің құқығың» сынып сағаты өтілді.4 қараша күні 1-4 сынып оқушыларымен «Жақсы деген немене ,жаман деген немене» сынып сағаты өтілді. 10 қараша күні «Қатыгездіксіз және зорлық -зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында ата-аналарға баяндама оқылды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау