Отбасы күніне арналған жоспарға сай мектебімізде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Оқушылардың жанұя туралы білімдерін шыңдай түсу , отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу, оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту мақсаттары осы апталық аясында жүзеге асырылды.
Жауапты мұғалімдер жеке – жеке сынып сағаттарын және әртүрлі әңгіме сабақтар өткізіп,мектебіміздің жантанушы маманымен жұмыс істеді. «Менің отбасым – менің байлығым» атты 5-8 сынып оқушылары арасында бейнероликтер тамашаланды. «Отбасым менің қуатым» атты тақырыпқа сай "Балауса " шағын орталығы cпорттық ойындар ұйымдастырды . "Бақыт үйі"тақырыбында 2-4 сыныптар арасында суреттер салынып,отбасының маңыздылығы түсіндіріліп,бүлдіршіндердің сыныптан тыс шараларға қызығушылықтары артты.