"Қауіпсіз мектеп автобусы" онкүндігі аясында 28 -қаңтар күні М.Ахметбеков атындағы орта мектебінде 5-6 сынып оқушылары және ата-аналарымен " Жолда жүру ережесін білеміз бе?" тақырыбына отбасылық сайыс ұйымдастырылды. Сайыс алты кезеңнен тұрды.
1. Сәлемдесу;
2.Жұмбақ шешу;
3.Сұрақ – жауап;
4.»Кім жылдам?» ребус шешу;
5.Жол белгілерін ата!
6.Сауалнама.
Командалар бағдаршам түстеріне сәйкес қызыл, сары, жасыл командасына бөлінді.
Мақсаты: Ата-аналардың жауапкершілігін арттыру; әр ата-ананың бала тәрбиесіндегі маңызды орнын көрсету; жолда жүру ережелерін есте сақтау; ата-ананың мектеппен тығыз байланысын орнату
Күтілетін нәтиже: Ата- ана мен бала жол қозғалысы ережелерін есте сақтап, оларды бұлжытпай орындауға машықтанады; ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша сыни кері байланыс алынады.https://www.facebook.com/profile.php?id=100022843364704