Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

Мектеп жолы


«Шал ақын ауданының Еңбек бастауыш мектебі» КММ

2016-17 оқу жылы




«Мектепке жол» акциясының есебі.

         Елімізде мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз ету және көп балалы, тұрмысы нашар отбасы балаларына материалдық көмек көрсету жұмыстарын жандандыру мақсатында 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы өтті.

         Акцияның мақсаты – мектеп жасындағы барлық баланы, оның ішінде аз қамтылған, көп балалы, толық емес, аса мұқтаж отбасынан шыққан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, тәуекел тобындағы және өзге де әлеуметтік осал топтағы балалардың оқумен қамтылуына жағдай жасап, олардың жаңа оқу жылына мүлтіксіз дайындығын, барлық оқу құрал-жабдықтарының жеткілікті болуын қадағалау. Осы бағытта  мектепішілік шаралар жоспары құрастырылды.

          Акцияның жүргізілу барысы туралы ақпараттық бұрыш іске қосылды.





Мектебімізде 1- тамызда республикалық «Мектепке жол»  қайырымдылық акциясы басталды. Аудандық ББ бұйрығы негізінде мектепішілік бұйрық шығарылды.Акция іс-шара жоспары талқыланып ,жауаптылар анықталып,бекітілді.Мектепте арнайы  стенд әзірленді. Жоспар бойынша мектептің шағын ауданындағы үйлер араланып, тізім жасалынды.Онда 23 бала анықталды. Оның ішінде:18 мектеп жасындағы, 5 мектепке дейінгі жастағы балалар есепке алынды.  Мектеп бойынша азқамтылған отбасындағы оқушы жоқ. . Мұғалімдер мектептің қарауына бекітілген тұрғын үйлерді аралауға қызу кірісіп кетті.  1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылды.  Акция барысында мектеп мұғалімдері атынан Жанбырбаева Аружан 3-сынып оқушысына (оқу құралдары 1000теңгеге )көмек көрсетілді.

 

   Мектеп ұжымы Қуатова Толганай 2-сынып оқушысына оқу құралдары салынған сөмке сыйлады



ал ТНС-2020 1-сынып оқушылары:Төлебай А,Сейтжан Дидар,Жаслан Е. Оқу құралдары салынған сөмке сыйға тартты. Жалпы 12000теңге.




 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь