Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

Қазақстан спортшылары - Тәуелсіздік қаһармандары »

22 қаңтар күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абильмажинов Нұрболат Газизович орта буын оқушыларымен «Қазақстан спортшылары - Тәуелсіздік қаһармандары » тақырбына дөңгелек үстел өткізді.
Еліміз егемендік алғалы ғаламның ғаламат бәсекелерінде өзіне тән бәсіресінен қағылып көрген жоқ. Мейлі қай салада болса да Қазақстанның жеткен жетістігі аз емес. Ел дамуының ерекше белгілерінің бірі – спорт саласындағы жетістік деп есептеп жүрміз ғой. Ендеше, тәуелсіздік алғанына 30 - ақ жыл болғанел үшін спорт саласындағы бүгінгі жетістіктеріміз аз емес.
Әлемдік ареналарда жеңіп алған жүлделер ел мерейін үстем етуге септігін тигізетіні шын. Спортшыларымыз халықаралық ірі додаларда топ жарған кезде бөркімізді аспанға атып қуанатынымыз осының дәлелі. Спорттағы жетістікті ел дамуының ең маңызды көрсеткіші дей алмаймыз. Бірақ әлемдік жарыстарда жүлде алу оңай шаруа емес. Тіпті кейбір дамыған алпауыт елдердің өзі спорт саласында Қазақстанның шаңына ілесе алмайды.
Спорттағы ең биік шың - Олимпиада ойындары. Аталған дүбірлі дода төрт жылда бір өтеді. Әлемнің әр түкпірінен келген мыңдаған спортшы дәл осы биікті бағындыру үшін барын салады. Олимпиада ойындарына еліміз спортшылары тәуелсіздік алғалы алты мәрте қатысты. Әрі ешқашан алтын медалсіз қайтып көрген жоқ. Айта кетейік, 1992 жылғы Барселонадағы жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар ТМД-ның біріккен құрамасы сапында өнер көрсетті.
Еліміз спортшылары жазғы Олимпиада ойындарында 1996 жылдан бері жалпы 64 медаль жеңіп алды. Бұның 19-ы алтын, 20-сы күміс, 25-і қола медаль. Ал қысқы Олимпиадаға 1994 жылдан бері қатысып жүрміз. Бұл жарыста қазірге дейін жеті жүлде жеңіп алдық. Атап айтқанда 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медалге қол жеткіздік.https://www.facebook.com/profile.php?id=100022843364704

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь